Асаба -> Түлектер кешіне асаба

Бітіру кешіне балабақша, мектеп, оқу орындары дайындалады. Ұйымдастырушылар ретіне педагогикалық ұжым, ата-аналар және бітірушілердің өздері да қатысады. Мерекеге жоғарғы деңгейде дайындалудың ең маңызды шарты – бітіру кешін жүргізуші кәсіби маман шақырту.

Бұнда мерекені жоғарғы деңгейде ұйымдастыра алатын кәсіби мамандардың жарнамалары ұсынылған. Жоспар жасау, музыкалық орындаушылардың, әртүрлі жанр әртістерінің көріністері, және т.б сіздің қалауыңыздағы ұсыныстарды ескере отырып аталған мерекені ұйымдастыру.

Дұрыс таңдау жасап, жүргізушілердің жұмысын бағалау үшін фото және видео материалдар портфолиосын қарауды ұсынамыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Бітіру кештерінің түрлері мен ондағы жүргізушінің міндеттерін қарастырайық:

  1. Балабақша бітіру кешіне жүргізуші. Мектепке дейінгі балалардың бітіру кеші олардың әлеуметтік өмірдегі алғашқы мерекелері. Бітрушілерге жүргізуші ерекше жоспар жасайды.  Жоспар қашан да белсенді ойындар мен жарыстарға, шығармашылық ән, билерге толы. Жүргізушінің міндеті балалар мен ата-аналардың есінде сақталатын ерекше қызықты, жарқын мереке жасау.
  2. 4 сынып бітіру кешіне жүргізуші. 4 сынып бітіру кешіне арналған қызықты әрі белсенді мектеп шарасы. Мұнда балалар әрбір бағдарламаға өз қалауларымен қатыса алады. Кәсіби жүргізуші мұндай мерекеде көмек көрсетеді: ерекше бағдарлама құруға (сыныптың ерекшеліктеріне барынша үйлесімді болуы керек), түрлі жарыстар өткізуге, сынып оқушыларын ұйымдастыру барысына қатыстыру (рөлдерді бөлу, шығармашылық көріністер дайындау), бүкіл мерекеге жетекшілік етуге міндетті. Міндет: бітіруші сыныпты ұйымдастыруға қатыстыру және уақытты қызықты өткізу.
  3. 9 сынып бітіру кешіне жүргізуші. 9 сынып бітіру кешін ұйымдастыру оқушылардың көп бөлігі орта кәсіби білім беру орындарына кететін кезде болады.  9 сынып бітіруге арналған арнайы бағдарлама мектеп қабырғасында немесе мейрамханада өткізіледі. Бітіру кешін ұйымдастыру және өткізуді кәсіби жүргізушіге тапсырған жөн. Мектеп пен сыныптастардың қоштасуы көңіл толқытатын сәт, сондықтан жүргізуші жылы және достық атмосфераны қалыптастыруы керек. Сонда ғана кеш түлектердің есінде сақталады.
  4. 11 сынып бітіру кешіне жүргізуші. 11 сынып бітіру ерекше мереке, оны дайындауға аладын ала кіріседі. Түлектер сүйікті мектебі, ұстаздары және  сыныптастарымен қоштасады. Сондықтан да, бұл есте өмір бойына  сақталатын кеш болуы керек.  Мереке жоғарғы деңгейде өтуі үшін кәсіби жүргізуші маман көмегіне жүгіну керек. Оның негізгі міндеті әрбір түлек өзін маңызды сезінетін мерекелік бағдарлама жасау. Қызықты бағдарлама, мектеп өмірі жайында әзіл әңгімелер ерекше көңіл-күй тудырады, ал ойындар мен жарыстар түлектер өздерін мықты ұжым ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Ал бағдарламадағы мектеп баллы, таңды қарсы алу, ұстаздар мен ата-аналардың құттықтауы түлектерге мектеп туралы естеліктер қалдырады.  
  5. Студенттік бітіру кешіне жүргізуші. Жоғарғы оқу орнын бітіру студент өміріндегі ерекше оқиға. Оқу бітті, яғни алда кәсіби жұмыс күтіп тұр. Кешті сапалы жүргізіп, бағдарлама жасау арқылы жүргізуші ұмытылмас мереке ұйымдастырады.  Шараның басты кейіпкерлері ретінде студенттер бағдарламаға белсенді қатысады. Барлық бөлімдер алдын ала талқыланады: өтетін орны, әртістер шақыру және т.б. Жүргізушілер өз кезегінде кеңестерін айтып, ұсыныстарын білдіреді.