Асаба -> Сауық-кештерге жұргізушілер

Іс-шараны ерекше атап өту үшін ұйымдастырушылар оның қандайда бір тақырыпта атап өтуді ойластырады.

Тақырыптар сан алуан болу мүмкін. Гавай, ретро кештерден бастап, жеке қалыптасқан сүйікті кино стиліне дейін.

  Қажетті тақырып бойынша мерекені өткізу үшін өзі ісінің маманы қажет. Біріншіден, кәсіби кеш жүргізушілерінің қашанда жаңа идеялары және әрбір бөлігі маңызды рөл атақаратын бұндай мерекелерді өткізуде тәжіриесі бар. Екіншіден, жүргізуші тақырыпқа байланысты ойындар, қызықты оқиғалар мен тосттар дайындай алады.

TOi BiZNES сіздер үшін тақырыптық кештерді ұмытылмастай ерекше қылып өткізетін отандық жүргізушілерді жинастырды.  

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Әдетте ойын-сауықтың барлығы  дастархан басында өтетін мереке үшін қарапайым киініп барғыңыз келмейтіні рас. Мерекелік кеш жарқын, әдемі фото, видео түсірілімдер мен ұзаққа дейін сақталғанын қалаймыз. Тақырыптық іс-шараларды кез келген бюджетпен ерекше өткізуге болады. Кеш жүргізушісі мерекелік күнді қажетті бағытта дамытады, тек өз ойыңыз бен жоспарларыңыз турасында алдын ала талқылап алсаңыз болғаны.  

Тақарыптық кешті қалай ұйымдастыру керек?

  1. Кеш тақырыбын анықтау. Достарыңыз бен туыстарыңыздың арасында сіздің ортақ қызығушылықтарыңыз бар. Мысалы: барлығымыз теңізді жақсы көреміз, яғни теңіз стиліндегі кеш барлығына ұнайды. Тойды жоспарлау кезінде, жас жұбайлар ортақ хоббилары (би, музыка немесе спорт) бойынша жасағысы келеді, яғни той иелерінің стиілінде өтеді. Жүргізуші тақырыпты ескере отырып жоспарлауға көмектеседі.  
  2. Ең бастысы жоспарды,  барлық талаптарды ескере отырып құрау. Сіз - мерекенің мақсаты мен стилін (туған күн, қыздар немесе жігіттер кеші және т.б.) білесіз,  сіз – қонақтар тізімі мен өтетін орны туралы шешім қабылдадыңыз. Яғни, аталған тақырыпта кештің бағдарламасын құрастыратын уақыт келді. Бұл істе сізге тәжірибесі мен тың ойлары бар жүргізуші көмектеседі, ал ауқымды мереке үшін оның көмегінсіз бағдарлама ұйымдастыру қиын болады.
  3. Декорация және дресс-код. Бұлар да тақырыптық кештерде маңызды рөл атқарады. Былғары күртеше, сақина тәріздес түрлі акссесуарлар, темір шынжырларсыз қалай байкерлер стиліндегі кеш өткізуге болады?  Ал мерекені жағажай кеші стилінде  суға түсетін киімдер және коктейлсіз қалай өткізуге болады? Әрине, болмайды. Әр зат дайындықта ерекше орын алады сондықтан қонақтармен де алдын ала ақылдасып, айтып қою керек. Жүргізуші ең алдымен тақырыптық кештің атмосферасымен сай болуы керек.  Кез келген жағдайда мерекені ұйымдастыру сіздің қалауыңыз бен мүмкіндіктеріңізге байланысты болады.

Мерекенің тақырыбын таңдау кезінде қандай талаптар ескеріледі?

  • Жас бойынша. Балалар мерекесі - әртегі және мультфилмдер стиілінде, жүргізуші аниматордың қызметін атқарады. Жасөспірімдер үшін жүргізуші кешті сүйікті музыкалық топ немесе кино кейіпкерлері стилінде ұйымдастыра алады. Ересектерге арналған мерекелік кеш стилі этникалық  (африкандықтар, гавай кештері және т.б.) немесе қалалық (Париж, Чикаго) стилден бастап кәсіби (кабаре, медиктер және т.б) тақырыптарға дейін болуы мүмкін.  
  • Өтетін орнына байланысты. Кафе және мейрамханада өтетін кештер үшін бір түрлі тақырыптар сәйкес келсе, ашық аспан астында табиғат аясында өтетін мерекелік кештер үшін бір тақырыптар сәйкес келеді. Кеш жүргізушілері кез келген мерекелік іс-шара өтетін орынға сай  бағдарлама жасай алады.
  • Қонақтар аудиториясына байланысты. Егер сіз корпоративтік кешті тақырыптық стилде өткізгіңіз келсе, жүргізуші кешті кәсіби юмор элементімен ұйымдастырып береді. Бітіру кеш құрметіне арналған мерекеге жүргізуші мысалы: «Великий Гэтсби» немесе «Стиляги» стилінде бағдарлама ұйымдастыра алады.

Тақырыптық кеш жүргізушілері қандай қасиеттерге ие?

  1. Кәсібилік. Таланты – қызмет саласын таңдауға көмектеседі, ал кәсібилік еңбек пен тәжірибенің күшімен жиналады. Жүргізушілердің кез келген іс-шара үшін жоспарлары бар, оған қоса ол ерекше жағдайларда да жұмыс жасайды.  
  2. Жүргізуші кез келген тақырыптық мерекелерге үйренісіп, барлық талаптарды: қонақтар артықшылығы, өтетін уақыты мен орнын (маусым) ескере отырып өз жоспарын құрай алады.
  3. Тақырыптық кеш жүргізушісі өзіне көптеген қонақтарды бағындыра алады. Әркімнің өз идеалы және қалауы бар, бірақ жүргізуші қонақтардың көп бөлігіне ұнайтын өз харизмасымен, қауыммен жұмыс жасау өнерін игерген.

Тақырыптық кештерді өткізетін жүргізушіге тапсырыс беру үшін жарнамада көрсетілген тікелей байланыс телефондары арқылы немесе сұрақтарыңыз бойынша бізбен онлай немесе көрсетілген телефондар арқылы хабарлассаңыз болады.