Асаба -> Үйлену тойға асаба

Үйлену тойы - ұмытылмас әрі жарқын мерекелердің бірі. Тойдың жақсы өтуі бірінші кезекте үйлену тойын жүргізушісіне байланысты болады. Бұл маңызды шараны кәсіби маманға ғана сеніп тапсыру керек. 
TOiBiZNES-тің бұл бөлімінде үйлену тойына асаба/жүргізушіні қалай таңдау керек және неге мән беру қажет екендігі туралы ақпараттар берілген. 

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Үйлену той мерекесіне дайындық кезінде барлық бөлімдерді ескеру керек: шақырту қағаздарынан бастап, тойдың қонақтарға арналған ойын-сауық бағдарламасына дейін. Егер сіз бірінші жүргізушілер көмегіне жүгінсеңіз, оның кеңестерін қолдануға мүмкіндік бар. Басты артықшылық кәсіби пікір мен команданың тығыз жұмысы.

Той жүргізуді анығырақ қарастырайық.

1.  Той жүргізудің түрлі стильдері бар: классикалық конферанс, үйлену той асабасы, импровизация және т.б. Жас жұбайлардың сұранысы мен қонақтар құрамынан бөлек үйлену той жүргізушісінің өз стилі болуы керек. Мысалы, отбасылық мерекеде дәстүрлі үйлену той жүргізушісін шақырған жөн. Ал ауқымды той шарасына заманауи креативті жүргізуші шақыруға болады.

2. Жоспар және бағдарлама. Өтетін орны, қонақтар тізімі және үйлену той жүргізушісін шақырдыңыз. Мерекенің жоспарын жасауға қолайлы уақыт келді. Кәсіби жүргізуші бағдарламаны есте қалатындай қызықты етіп құрастырады.

       Ерекше жарыстар, ойындар, әзілдер – сіздің мерекені басқаларға ұқсамайтындай ерекше етеді. Әртүрлі жанр әртістері, музыкалық орындаушылар ойын-сауық бағдарламасының бір бөлігі ретінде қонақтарға ерекше әсер қалдырады.

3. Кәсіби жүргізушінің ерекше қасиеті әрбір тұтынушыға жеке қадам жасау. Той өткізу кезінде: той өтетін маусым, мінезі, тойдың тақырыбы/стилі, жас жұбайлардың қызығушылығы және т.б ескеріледі. Ең бастысы ұйымдастырушылардың қалауына құлақ түру, сонда ғана той жоғарғы деңгейде өтеді.

4.  Ерекшелік және шеберлік. Астана мен Алматы қалаларында үйлену тойына асаба және жүргізуші шақыру айтарлықтай танымал. Бірақ кәсібилерді қалай табу керек? Біріншіден, шебер жүргізушіні имиджі мен бренді өзгеше өтеді. Екіншіден, бірегей той бағдарламасы жұмыстың сапалылығын көрсетеді. Жүргізушінің міндеті өзгелерде қайталанбайтын және ерекше той бағдарламасын жасау.

5. Көрерменмен жұмыс жасау жүргізуші шеберлігінің бір белгісі. Нағыз тамада кез келген аудиторияны игеріп алып кетеді. Үйлену тойының жүргізушісі кез келген қонақтың мерекеде отырғанын сездіртіп қызықты әрі қуанышты уақыт өткізуіне жол табады.

Порталда көрсетілген жарнамалар дұрыс шешім қабылдауыңызға көмектеседі: үйлену той асабасы және жүргізушілері (қазақ және орыс тілді), жеке немесе дуэт және т.б. Тапсырыс беру үшін онлайн немесе байланыс телефондарына хабарласыңыз.