Қазақ мәдениетінде бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Отбасында ең алдымен ұл баланың дүниеге келгенін қалайды. Себебі ол – артта қалатын мұрагер және ұрпақ жалғастырушы. Бала дүниеге келмес бұрын шілдехана немесе шілдекүзет салтының дайындығына кірісіп кетеді. Ертеден келген дәстүр заманауи түрде мейрамханада немесе кафеде аталып өтіледі. Ал туған-туыстары мен таныстары жиналатын ауқымды салтанат жасайтын болса арнайы шілдехана жүргізушісі шақырылып бағдарлама жасалып, музыкалық әртістер шақырылады.
Жүргізуші ата-аналар мен ұйымдастырушыларға жоспар құруға көмектеседі:қонақтарды қарсы алу, рәсімдерді өткізу, әртістерді таңдау. Соңғы кездері көне салт-дәстүрлерді өткізу қазақ отабасыларында танымал болып келеді.
Шілдехана жүргізушісін шақырғанда алдын ала өз қалауларыңызбен бөлісіңіз. Шара жоғарғы деңгейде өту үшін жүргізушімен оның барлық бөліктерін талқылап, дайындаңыз: жоспар, құралдар, рәсімге қажетті заттар және т.б. Жүргізуші өз кезегінде барлық бөлімдерді жоспарына кіргізеді: туған-туыстардың есімі, отбасылық ерекшеліктер.
ToiBiZNES.kz порталымен сіз шілдехана жүргізушісін жалдап қана қоймай, өткізетін орын, ұлттық киімдер, безендіру, декор және т.б қажеттіліктерді таба аласыз.