Концерт өткізуде неліктен кәсіби жүргізуші керек және ол қандай қасиеттерге ие болуы керек? Бірге талқылайық.
- Концерте жүргізушінің қажеттілігін атап өту керек. Әншілердің еш хабарландырусыз бір-бірін алмастырып сахнаға шығып жатқанын елестету өте қиын. Бұл әртістерді де, қонақтарды да сыйламағандықтың белгісі болады. Жүргізушісіз концерт болады, бірақ ол көбіне бір әншінің кеші болған кезде ғана. Басқа жағдайларда концерттің жүргізушісіз өтуі екіталай.
- Кәсіби концерт жүргізушісінің таланты шексіз. Ол жетекші, жүргізуші, әртістің қызметін алып жүре алады. Кәсіби маман концертті ерекше етеді, ал бағдарлама керемет және жеңіл өтеді.
- Тосын жайттарға дайын болу. Концерттерде ойламаған оқиғалар орын алып тұрады. Ол әртістің кешігуі, техникалық ақаулар болуы мүмкін. Жүргізуші ол жағдайларда не істейді? Ол қөрермендермен жұмыс жасайды: импровизация арқылы уақытты созады, алдын ала келісім бойынша әртістердің шығу уақытын ауыстырады және т.б. жолдарын қарастырады. Ең бастысы көрермендер назардан тыс қалмауы керек.
- Кәсіби концерт жүргізушілері жеке және топпен жұмыс жасайды. Әртүрлі жоспарлар арнайы жүргізуді талап етеді. Классикалық жүргізу бір немесе екі жүргізушімен болуы мүмкін. Дуэтпен жұмыс жасағанда олар бір-бірін толықтырып, хабарлау кезінде диалог жүргізіп үйлесімді болады. Қазақстанда концертті екі тілде жүргізу де танымал.
Концерт жүргізудің ерекшеліктері.
- Балалар концертін жүргізушілер өз стилімен ерекшеленеді. Олар балалар аудиториясын біліп, қызықты, қалжыңға құрылған сөздерді қолданады. Балалар назарын ұстап тұру үшін сахнада қимыл – қозғалысқа мән береді.
- Ересектерге аранлаған концерт жүргізушілері де арнайы стилімен ерекшеленеді. Мұнда концерттің ауқымы, мақсаты (мерейтойының құрметіне, жаңа жылдық концерт), жанры (поп-эстрада, классика, джаз және т.б) рөл ойнайды. Соған байланысты тәжірибесі мен біліміне қарай жүргізуші таңдалады.
- Классикалық конферанс номерлерді шақыру, хабарлау, пікір айту, аудиториямен диалог жүргізу және атмосфера қалыптастыру қызметтерін біріктіреді.
Көрсетілген жарнамалардың ішінен қалаған қызметіңізді табу үшін жүргізуші портфолиосына назар аударыңыз. Онда концерт жүргізушісінің жұмысына баға беру үшін қажетті материалдар жинақталған. Сонымен қатар біз жүргізушілердің жеке сайтына сілтемелер береміз.