Асаба -> Жаңа жылға жүргізушілер

Жаңа жыл негізінен, жылдың ең күтілетін мейрамы: жылды қортындылайды, тілектер тілейді, ескі жылды шығарып салады және керемет отшашумен жаңа жылды қарсы алады.  

Балалар ертеңгілігінен бастап корпоративтік кештерге дейін жоспарлау  алдын ала басталып кетеді. Мерекені қалай атап өтетінің кеш бағдарламасына байланысты, ал оның жақсы өтуіне жаңа жыл жүргізушісі кепілдік бола алады. 

Егер сіз жаңа жылдық жүргізушіні біздің сайтта іздеуді ойласаңыз, дұрыс шешім қабылдағансыз. TOi BiZNES бұл бөлімде көңілді кештер мен корпоратив, балардың құрметіне түрлі жаңа жылдық кештерді жүргізудің шеберлері жиналған.  

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Жаңа жылға жүргізуші таңдаудың ерекшеліктері.

Аудитория.

Жаңа жылдық тақырып оны атап өтетін аудиторияға байланысты таңдалады: балалар ортасы, отбасы, достар немесе жұмыстағы қызметтестер. Жаңа жыл жүргізушілері түрлі аудиториямен жұмыста тәжірибелері бар: балалар ертеңгілігіне маманданғандар бар, ересектер және жасөспірімдерге арналған кештерді жүргізетіндер,   егде адамдардың банкетін өткізуде керемет жұмыс жасай алатындар, сонымен қатар кез келген тақырып пен бағыттағы мерекені өткізе алатын әмбебап талантты жүргізушілер де кездеседі.

Ерекше бағдарламалар.

Кәсіби маман мерекені қашан да жоғарғы деңгейде өткізеді. Жақсы жүргізушіде өзінің авторлық бағдарламаларының портфолиосы, қызықты өзгелерден көшірілмеген жарыстары мен қызықты әңгімелері қашан да болуы керек. Жүргізуші дайындық пен тосын жайтарды үйлестіре отырып мерекені қызықты өткізеді.Ұсынылған жарнамалардан жаңа жыл жүргізушілерінің фото/видео файлдардын, оларға берілген пікірлерді көру арқылы дұрыс баға беріп, таңдау жасай аласыз.  

Өтетін орны.

Клуб кештерін жүргізіп, жастар аудиториясымен жұмыс жасауда шебер жүргізушілер де бар. Олар DJ өнерімен таныс және ортаны жандырып әкететін талантқа ие. Ал келесі бір жүргізушілер тобы компанияның өз залдарында, мейрамханада өтетін корпоративтік жаңа жыл кештерін немесе кафе, барларда өтетін мерекелік бағдарламаны керемет игергендер.  Барлығы сіздің мақсатыңызға байланысты: кез келген ортада жұмыс жасай білетін кәсіби болуы керек пе, әлде бір бағытта жұмыс жасап үйренген жүргізушіні шақырғанды дұрыс санайсыз ба.

Жаңа жылдық мейрамның ауқымы.

10-15 адамнан құралған отбасылық шағын мейрамды кафеде ұйымдастырып, жұмысын жаңадан бастап келе жатқан жүргізушіні шақыруға болады. Қалыпты атмосферада өлең, әндер орындап ересектер мен балалардың көңілін таба білсе болған. Ал керсінше БАҚ және телевизия қатысуымен өтетін  ауқымды шараны кәсіби жүргізуші тіпті танымал тұлғалармен өткізсе де болады.

Бір немесе бірнеше жүргізуші.

Жоспарға сай немесе бір-бірін толықтырып көмектесу үшін кейбір орындарға екі жаңа жыл жүргізушілерін немесе бірнеше жүргізушілерді шақыруға тура келеді. Классикалық дуэт: сөйлеу жанрында жұмыс жасайтын екі ер адам немесе жаңа жылдық мерекеге шақырылғанда Аяз ата мен Ақшақардың киіміндегі бір ер және бір әйел адам. Сонымен қатар Қазақстан бойынша мерекені орыс және қазақ тілдерінде жүргізетін екі жүргізуші жалдау танымал. Балалар мейрамына жаңа жыл жүргізетін топ келеді: аниматорлар және түрлі кейіпкерлер.

Кеңес: Мерекеге дайындалып жаңа жылға жүргізуші табу үшін дайындықты ерте бастаңыз. Біріншіден, білетініміздей, кәсіби жүргізушілерге тапсырыс бірнеше ай бұрын беріліп қояды. Екіншіден, күні жақын болған сайын құны да қымбаттап кетеді.  

Сіз қашанда, TOi BiZNES сайтына тапсырыс беру туралы кеңес алып,  сұрақтарыңызды қоя аласыз.