Асаба -> Мерейтойға асабалар

Мерейтой – айтарлықтай мереке. Туған кун, жұмысқа 1 жыл толуы, кәсіпорынның құрылуы және үйленген күн негізінен мерейлі  мерзімде атап өтіледі. Бұндай мерекені ұйымдастыруға қызықты бағдарлама мен мерейтой жүргізушілерін шақырған дұрыс.

Бұл бөлімде порталдағы ең үздік мерейтой жүргізушілері жинақталған.

Өз істерінің маманы қызықты конкурстар, әзіл және тосттар бірегей авторлық бағдарламасы арқасында мерекені ұмытылмастай етіп өткізуге көмектеседі. Өз қалауыңыз бен мүмкіндігіңізге қарай жеке және дуэт жүргізушілеріне тапсырыс бере аласыз.
Жарнамалар қосымша ақпараттар бар есімхаттармен, сондай-ақ іс-шара жүргізушісінің стилі мен сапасын бағалау үшін фото / видео материалдары көрсетілген.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Мерейтой ұйымдастырудың ерекшеліктері және жүргізуші таңдау.

  1.  Мерекені қалай көңілді және ерекше жасауға болады? Классикалық іс-шара отырыстан тұрады. Әрине, банкет міндетті атрибут, бірақ жалғыз әрі бір ғана түрде емес. Қонақтар оқиғаны ұзақ естерінде сақтау үшін арнайы дайындық қажет. Мерейтой жүргізушісі әрбір қонақ өзінің қабілеті мен талантын көрсететіндей жарқын көңілді бағдарлама ұйымдастырады. Әсіресе бағдарлама және ойын-сауық ұзақ уақытқа есте қалады.
  2. Супер мерейтой жүргізушісі деген кім?  Бір жағынан - бұл қарапайым адам, ол тост айтады, күледі, қалжыңдайды, сіз онымен көптен таныс сияқтысыз және өзіңізді ынғайлы сезіне аласыз.  Екінші жағынан, ол кез келген аудиториямен жұмыс жасай алатын өз ісінің талантты маманы. Ол серіктестер мен басшылық жиналған кәсіпорындардың мерейтойын немесе 70 жасқа толып отырған әженің мерейтойын отбасы ортасында әдемі ескілікті музыкамен өткізе алатын адам.
  3. Кімге жүгінген жөн? Супер жүргізуші немесе супер мерейтой жүргізушісі жалғыз және дуэт болып жұмыс жасай алады. Барлығы іс-шараның мақсаты, өтетін орны, қонақтар санына байланысты. Дуэт жүргізушілер халыққа көп ұнайды. Себебі олар бір-бірін толықтырып тұрады және өз араларындағы диалог арқылы қонақтар мерекеге тез үйренісіп кетеді.  Жалғыз жүргізушілер де түрлі жанрларда жұмыс жасай алады, би қойылымдар мен әндерді орындату арқылы мерекені толықтырады. Кейбір жүргізушілер өздерін тек мерейтой жүргізу саласында мықты сезінед, сондықтан сіздің мерекені жақсы өткізу үшін түрлі ұсыныстар жасай алады.
  4. Егер ойыңызда: «Мерейтойды қалай дұрыс өткізу керек?» деген сұрақ туындаса жауабы:  «Кәсіби маманды шақыру керек». Оның жас маман немесе егде, әйел немесе еркек және т.с.с болу маңызды емес, маңыздысы қонақтар аудиториясы мен мереке кйіпкерлеріне ұнайтындай етіп шараны өткізу үшін сіздің қалауыңызды ескере отырып бағдарлама ұйымдастыруға көмектесуі.  Сонда ғана мерейтой жағымды көңіл-күй сыйлап ұзақ уақыт есіңізде қалады.

Мерейтой жүргізушілері қандай ұсыныс білдіре алады?

  1. Креативті жоспар құрау. Туған күн – мерейлі жасқа келгенде кейіпкер өзін ерекше сезініп, сол күн есінде қалуы үшін ереше өтуге міндетті. Мерейтой жеке адамға қатысты болғандықтан жүргізуші кейіпкердің қызығушылығын, хобби, жетістіктерін ескріп бағдарламаны жоспарлау керек.
  2. Ойын-сауық бағдарламасы: би, ән орындаушыларын, ерекше жанрда қойылым көрсететін әртістерді шақыру.
  3. Мерекені бақылау. Көптеген жүргізушілер мерекенің өту барысын өз жауапкершіліктеріне алады.
  4. Өтетін орнын таңдау және безендіру. Егер мерекені ұйымдастыру жүргізушінің мойнында болса ол шаранын өткізетін жерді ұсына алады және техникалық жадықтар (дыбыс, жарық,спецэффект) және т.б.

Интернеттегі жарнамаларды көру арқылы жүргізуші жұмысына қалай баға беруге болады?

Интернет – ауқымды ресурс, бірақ кей уақыттарда өзіңізге керегін табу үшін көп уақыт жоғалтуға тура келеді. Біздің сайттың ерекшелігі өз қалауларыңызды көрсету арқылы іздеу кезінде сүзгіні қолдансаңыз болады. Мысалы, сізге тамада немесе мерейтой жүргізушісі керек, осы сұрақты қою арқылы сіздің мерекені ұйымдастыратын қажетті бөлімге өтесіз. Жүргізушінің жұмысын көруге болады: мерейтой видеотүсірілімі,өткен шаралардан оқиғалар мен әртістердің фотолары және т.б.

Неге назар аудару керек?

  1. Жүргізуші тәжірибесі. Портфолиосы түйіндеменің рөлін атқарады.
  2. Дауысы, сырт келбеті және әртістік қабілеті. Жүргізуші халықпен жұмыс жасайды, сондықтан да өзінің сырт келбеті, мәнерлі сөзімен ұнай білуі керек.  
  3. Жеке кездесуге қарай дұрыс шешім қабылдау.  Сайт және қысқаша ақпарат толық мәлімет бермейді. Кездесу кезінде нақты сұрақтар қойып, жауап ала аласыз.  

Тапсырыс беру үшін біздің байланыс телефондарға хабарласып, онлайн-сауалнама толтырып немесе тікелей жарнама авторларына  хабарласа аласыз.