Асаба -> Балалар мейрамдарына жүргізушілер

Балалар іс-шарасын жүргізу ерекше талант пен шеберлікті қажет етеді. Балалар іс-шарасын жүргізушілер педогогикалық және ұйымдастырушылық қасиеттерге ие болуы керек. Балалар ортасын қызықтыру оңай емес. Кәсіби жүргізушілер балаларға арналаған шараға көптеп ойындар, жарыстар, би және басқаларын, олардың іші пыспайтындай етіп ұйымдастырады.

TOi BiZNES-тің бұл бөлімінде балалар іс-шара жүргізушілерінің жарнамалары жинақталған. Қалауыңызға байланысты қызметтерге тапсырыс бере аласыз. Жүргізушілер аниматор, ертегі және мультфильм кейіпкерлерімен бірге ұмытылмас балалар мейрамын ұйымдастырып береді: туған күн, тiлашар және т.б. Фото/видео материалдарының көмегімен және тұтынушылар қалдырған пікірлер бойынша баға бере аласыз.  

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Балалар мерекесін жүргізушінің қандай қасиеттері болуы керек?

1. Ең басты қасиеті-әртістік. Балалар немесе ересектер аудиториясымен жұмыс жасау үшін:  харизма, сенімді дауыс, актерлік шеберлік керек.

2. Балалар мерекесі көңілді әрі қуанышты болуы керек. Балалар мерексін жүргізуші олармен ойнайды, сұрақ қояды, әзілдер айтады. Ең басты міндет балаларға ерекше көңіл-күй сыйлау. Белсенді ойын, балалардың жарқын күлкісі мерекенің жақсы өткенінің белгісі.

3.  Балалар мерекесін жүргізуші – сиқыршы. Ата-аналар тек фокус пен сиқыршылар ғана мерекені ерекше етпейтіні біледі. Ең басты құпия - балалар үшін ертегі әлемді құру.   

4. Ерекше бағдарлама құру. Балалар мерекесінің жүргізушісі әрбір баланың есінде қалатын ерекше бағдарлама дайындайды. Бұл мультфильм тақырыбындағы кеш болуы мүмкін. Мысалы, мерекенің иесі басты кейіпкер ал оның достары басты кейіпкермен саяхатқа немесе қызықты оқиғаларға сапар шегетін тобы болады.

5. Ойындар мен жарыcтар ұйымдастыру-мерекенің ең басты бөлімі. Балалар мейрамының жақсы өтуі жүргізушінің шеберлігіне байланысты. Балалар белсенді ойын, жарыcтарды жақсы көреді. Жүргізушінің міндеті әрбір баланы талантына қарай ойын, жарыстарға қатыстыру. Тіпті ең ұялшақ, қарапайым балалардың өзі шетте қалып қоймау керек. Белсенді балаларға спорттық, қимылға құрылған ойындар, ал сабырлы балаларға шығармашылық жарыстар. Жеңімпаздарды құттықтауды ұмытпау керек. Бұл алдағы уақытта тек жетістіктерге жетуге талпыныс береді.

6. Топтасу және достыққа тәрбиелеу. Барлық жарыстардың негізі  -әлеуметтік өмірге құрылған. Баласына мейрам ұйымдастыратын ата-аналар достарын ата-аналарын, сыныптастарын шақырады. Жүргізушінің міндеті балаларды топтастырып достықты нығайту. Мерекелік үстел басында олар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады, қызықты уақыт өткізеді.

7. Кәсіби жүргізуші мереке барысында балалар тәрбиесімен де айналысады. Әдептілік, құндылық. Мереке жоспары балаларға зұлымдық пен қайырымдылықты көрсетеді. Мысалы, зұлым сиқыршыны қуып, қайырымды жандарды құтқару және т.с.с. Соның арқасында балалар дұрыс шешім қабылдау, көмек көрсетуге үйренеді.

Балалар мейрамына жүргізуші таңдауға қажетті кеңестер.

TOi BiZNES сайтында көптеген жүргізушілердің жарнамалары ұсынылған бірақ, балалар мен қонақтарға ұнайтынын қалай таңдауға болады?

  1. Балалармен кеңесіңіз. Ата-аналардың кішкентай кезінде өздерінің сүйікті кейіпкерлері болған, ал қазіргі балалардікі мүлдем бөлек. Баланың қалауына көңіл бөліңіз. Егер ол туған күнінде өрмекші адамның болғанын қаласы, оны қатыстырыңыз. Себебі бұл оның жеке мейрамы. Осылайша балалар өз пікірінің маңызды екенін сезінеді және жауапкершілікке үйренеді.
  2. Мереке жүргізушілерінің суреттерін балаларыңызбен бірге көріңіз. Оған не ұнап, не ұнамайтынын біліңіз. Балаңыз сізге сенім артып, бағалайтын болады.
  3. Тосын сыйға да орын қалдырыңыз. Сіздер бірге тақырыпты, жүргізушіні таңдадыңыздар. Бұдан кейін жүргізушімен жеке кездесіп тосын сый уақытын келісіңіз. Жүргізушінің көптеген тың ойлары бар және ол сіздің балаңызды қуанышыт етудің жолдарын біледі.

Біздің порталдан балалар мерекесін ұйымдастыру жөнінен үздік ұсыныстарды табасыз. Жүргізушілер шараның барлық қонақтарына ұнайтын бағдарлама құрастырып береді. Жүргізушілерге көрсеткен қызметі туралы пікір жазып беруді ұмытпаңыз. Бұл олардың дамуына көмек болады.

Балалар мерекесіне жүргізушіге тапсырыс беру үшін біздің сайтқа онлайн және телефондар бойынша хабарласыңыз.