Асаба -> Туылған күнге асаба

Туған күн өткізуді жоспарлау кезінде, оны ерекше әрі қызықты қылып өткізгіміз келеді. Туған күнді ересектер де, балалар да күтеді. Себебі бұл күні ерекше мол  сыйлықтар мен құттықтаулар алатын күн.

TOiBiZNES.kz порталы мерекені басынан аяғына дейін ұйымдастыруға көмектеседі. Мұнда туған күнді жоғарғы деңгейде өткізіп беретін жүргізушілер қызметі ұсынылған: жоспар жасайды, жеке стильде мерекені ұйымдастырады және қонақтарды да назардан шет қалдырмайды. Ол үшін не керек? Осы бөлімге шығарылған туған күн жүргізушілерінің жарнамаларымен танысу. Өзіңізге ұнаған қызметті таңдау. Шешім қабылдау кезінде біздің мақалаларда ұсынылған кеңестерге жүгінсеңіз болады.

Барлық сұрақтар бойынша бізге жазыңыз немесе байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Туған күн жүргізушісі қандай болуы керек?

Әйел немесе ер адам болғаны мүлдем маңызды емес. Маңыздысы мереке көңілсіз болмауы керек. Бұл қарапайым адамдардың «Жүргізуші қандай болу керек?» деген сұраққа беретін ең басты жауабы. Біз келісеміз, бірақ шынымен жүргізуші қандай қасиеттерге ие болуы керек талқылап көрейікші.

  1. Біздің ойымызша туған күн, той, корпоратив және т.б кеш жүргізушілері өзгелерден әртістік қабілетімен ерекшеленуі керек. Бұл харизма, әртістік ойын, қойылған дауыс және тағы басқа қасиеттерге жалпылама берілетін түсінік.
  2. Туған күн жүргізушісінің негізгі қасиеті – әркелкілігі. Бұл адам бір қалыпта қалып қоймай қашан да даму жолында жүреді. Мереке өз ерекшелігімен, әзілдер орынды, ал стилі ерекше өтеді. Жүргізушінің стилі немесе имиджі басқа жүргізушілерге қарағанда ерекшеленіп тұруы керек.
  3. Ересек, кәсіпорын немесе балалар туған күніне жүргізуші алдын ала дайындалады. Жоспарға керекті бөлімдерді ойластырады, бейнесі мен қажетті әзілдерді іріктейді. Талантының молдығы кез келген аудиториямен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  Жасөспірімдер туған күн жүргізушісі өзінің заманауилығы мен жастар әзілін түсінетіндігімен ерекшеленеді. Ал әже-аталарымыздың мерейтойы үшін егде жастағы классикалық стильдегі жүргізуші сай келеді.
  4. Мысалы үйде ұйымдастырылған туған күн жүргізушісі шағын аудиторияда сабырлы көңіл-күй орнатып, жайлылық тудырады. Ауқымды аудиторияға жұмыс жасап жатып та жүргізуші дұрыс бағытта ұйымдастыра алады және мыңдаған қонақты өзінің энергетикасымен басқара алады.
  5. Туған күн жүргізушісінің шеберлігі мереке иесінің қалауынан шығады. Кәсіби жүргізуші кеш иесіне де қонақтарға да көңіл бөліп ешкқайсысын назардан шет қалдырмайды. Жарыстар, ойындар, квест, сұрақтар – бағдарламаның кез келген бөлігінен қонақтардың әрбіреуіне ұнап, қатыса алатын бөлімі болады.
  6. Басқа да қасиеттерді өзіңіз бағалап ұсынуыңызға болады. Біреулерге тақырыптық кештердің шебері ұнаса, екінші біреулерге DJ-жүргізушілер, үшіншісіне классикалық той жүргізушілері ұнайды.  Талғам мен түс әркімде әртүрлі екенін ескеру керек.

Туған күнге жүргізуші іздеуде шешім қабылдау қиын болса немесе уақытыңыз аз боласа ToiBiZNES.kz порталынан бір батырманы басу арқылы қажетті қызметті таба аласыз.  Аталған функция бойынша біздің сайтта өз қалауыңыз бойынша сауалнама қалдыра аласыз, кейін сізге қажетті адамдар өздері хабарласады.

Тапсырыс беру немесе кеңес алу үшін онлайн немесе сайтта көрсетілген байланыс телефондары бойынша хабарласыңыз.