Кез келген салтанатты шараның ажырамас бөлігі қонақтарға арналған шақыру қағаздары мен оның той иелерінің құрметіне арналған ерекше безендірілуі.

Мерекелік көңіл-күйді орнату және қонақтардың оған алдынала дайындалуы үшін шақыру қағаздары үлкен көмек. Шақыру қағаздары негізінен үйлену тойына жиі қолданылады бірақ бітіру немесе туған кештеріне де шақырту жіберу орынды болады. Үйлену тойына шақырту да қалыңдықтың  гүл шоғындай маңызды атрибут болып табылады және қонақтарға мерекенің уақыты мен орны туралы негізгі ақпаратты хабарлап қана қоймай, сондай-ақ әрбір шақырылған қонақтың маңыздылығын білдіртеді. Шақыру қағаздарының стилі және дизайнын таңдау кезінде ескеру керек:

• Салтанатты мерекенің тақырыбы (тематикасы)

Үйлену тойының гүлдермен безендірілуі

• Күйеу жігіт пен қалыңдық киім дизайнының ерекшеліктері

Шақыру қағазын жобалауға баса көңіл аудару, сіздердің үйлену тойларыңыздан жарқын естеліктер қалдыратын ерекше өнер туындысы болады.

Картон немесе басқа материалдан жасалған ақпараттық бағытта, сурттермен т.б өрнектермен безендірілген ашық хат – қонақтар тарапынан сыйлыққа маңызды  толықтыру бола алады.

Шақыру қағаздары және ашық хаттар – мазмұны бойынша әр түрлі болғанымен сыртқы безендірілуі ұқсас. Осылайша, оларды түрлі сәндік қағаздар немесе  түрлі-түсті картоннан жасауға болады. Өрнектер, сызбалар, суреттерді қолдану арқылы сәнделіп, күрделі үш өлшемді  болып та жасалады. Шақыру қағазын ерекшелеу үшін мерекелік таспа, бант, шілтер қолдануға болады .Бір мезгілде салтанатты шараға, әрі талғамыңызға сәйкес құттықтау және шақыру қағаздарын табу мүмкін емес, сондықтан ең үздік нұсқасын табу үшін басып шығару компаниясына немесе типографияға тапсырыс  берген жөн болады. Компания қызметкерлері сіздің талаптарыңызға сай бірнеше нұсқа  ұсына алады. Мұндай қызмет құны дайын өнімді сатып алуға қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін, бірақ сіз үшін маңызды күнде бәрі тамаша болуы керек.

Біздің сайтта сіздер мерекелік баспа материалдарын және керек-жарақтармен өндіру бойынша қызметтер көрсететін Қазақстандағы ең үздік компанияларын таба аласыз. Қызықты ашық хаттар, ерекше шақарту қағаздары, туған күн, балаларға арналған шақыту қағаздары және т.б біздің сайтта  жеке хабар алмасу жүйесін пайдалану арқылы немесе  жарнамада көрсетілген нөмірге қоңырау шалу арқылы тапсырыс бере аласыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...