Музыкалық сүйемелдеусіз қандай мереке өте алады? Ал егер әншілер шақырылған болса, мереке қызықты, ерекше және қонақтар үшін есте қаларлықтай болады.

Қазақстанда музыкаға көп көңіл бөледі, себебі бұл мәдениеттің бір бөлігі. Тіпті отбасылық отырыстар да сүйікті әндердің шырқалуымен өтеді. Ал үлкен ауқымдағы мерекелерді жоспарлауда әншілер қауымы бағдарламаның міндетті бөлігі болып табылады. Мерекеге тыңдармандары сүйіп тыңдайтын әндерін сыйлайтын танымал орындаушылармен қатар, әлі таныла қоймаған жас әншілерді де шақырады.

Әдетте, әндер мен музыка репертуары мереке ұйымдастырушысымен келісіледі. Мәселен, қазақ тойларында дәстүрлі «Жар-Жар», «Той жыры» және танымал әрі заманауи әндер орындалады. Әншілер туған күн немесе мерейтой иесіне ерекше ұнайтын әндерді дайындауы мүмкін. Ең бастысы, барлық қалауыңызды алдын-ала талқылау.

Біздің порталда ең үздік әншілердің хабарландырулары ұсынылған. Әншілердің қызметтеріне тапсырыс беру үшін, сіз сұрауыңызды онлайн немесе сайтта көрсетілген байланыс телефондары арқылы қалдыра аласыз. Сізге ең қолайлы ұсыныспен жауап береді: жеке орындаушылар, дуэт немесе музыкалық топ.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...