Дастархан -> Үйлену той торты

Той - шексіз қуаныш, көп қонақтар, әдемі көйлектер және костюмдер, дастархандағы мол тағамдар, ең бастысы – той торты. Қонақтарды қуанту және таңқалдыру үшін жәй ғана той тортын сатып алу жеткіліксіз. Шебердің көмегімен оны қиялыңыздағыдай  жүзеге асыру керек. Торт таңдау кезінде мына сәттерді ескеру керек:  

  1. Құрамы жеңіл болуы керек. Қонақтар астан кейін тәттіден дәм тата алатындай.
  2. Көлемі. Қонақтар саны шағын болса, той мерексіне 3кг құрайтын бір немесе екі сатылы торт жеткілікті болады. Ал ауқымды той болатын болса көп сатылы арнайы формадағы тортқа тапсырыс берсе болады.  
  3. Той тортын безендіруге тек жеуге жарамды әшекейлер қолданған жөн:  пенадан жасалған бейнелер, кремнен жасалған гүлдер және карамельді жемістер. Қонақтардың алергиялық сырқаттанып қалу қауіпін тудырмас үшін табиғи бояғыштарды қолданған дұрыс.  
  4. Кондитерлік фирманы таңдау кезінде олардың жасаған жұмыстарымен танысып алыңыз. Бұл сізге шеберледің мүмкіндіктерін бағалап, өзіңіздің той тортына жаңа идеялар жинауға көмек болады.

Toibiznes сайтынан той тортын безендіруде үлкен тәжірибелері бар Қазақстанның ең үздік кондитерліктерінің ұсыныстарын таба аласыз. Тәтті ғана емес сонымен қатар әдемі той тортына, жарнамада көрсетілген телефондар арқылы тапсырыс берсеңіздер болады.     

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...