Гүлдер -> Үйлену той гүлшоғы

Үйлену тойы жаңа отбасы құратын жарқын мереке. Қалыңдық пен күйеу жігіт той барысында бір минутта назардан тыс қалмайды. Сондықтан да, жас жұбайлардың түр келбеті  егжей-тегжейлі дайындалуы керек, оның ішінде қалыңдықтың гүл шоғы да ерекше орын алады. Гүл шоғы қалыңдық бейнесін толықтырып тұруы керек, бірақ қонақтардың  назарын аударатындай ерсі болмағаны дұрыс. Гүл шоқтарын тірі гүлдерден жасау күрделі процесс болғандықтан оны мамандардың қолына тапсырған жөн. Букетті жасау кезінде қалыңдық киімі, шашының және көзінің түсі, той безендірілуі және қалыңдық талғамы ескеріледі, сондықтан әрбір гүл шоғын жасаудың өз ерекшеліктері бар.

Қалыңдықтың гүл шоғын таңдау маусымына байланысты болады. Жаз айларында пион гүлдерінен жасалған жеңіл әрі нәзік гүл шоқтары танымалдылыққа ие болады, ал күзде жидектер мен сарғайған жапырақтардан безендірілген гүл шоқтары жақсы көрінеді. Қыста гүл шоқтары үшін  ең қолайлы гүлдер раушан болса, көктем мезгіліне қызғалдақтар мен лилия гүлдері сай болады. Қалыңдықтың гүл шоғы мінсіз бейнесі мен сыртқы көрінісін ұзақ сақтайтындай, тек тірі гүлдерден жасалуы тиіс.

TOi BiZNES.kz сіздердің назарларыңызға Қазақстандағы (Астана, Алматы)  үйлену тойға арналған  гүл шоқтарын дайындайтын  үздік шеберлерді ұсынады.  Жарнама авторларымен хабарласу үшін жеке хабар жазыңыз  немесе парақшада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...