Фото - видео -> Отбасылық, балалар фотосессиясы

Сәбидің дүниеге келуі отбасы үшін үлкен бақыт. Ата-аналар нәрестесінің қызықты сәттерін суретке түсіріп алғысы келеді: алғашқы күлкісі, алғашқы қадамдары, отбасындағы қуанышты сәттер.

Балалар фототүсірілімі - бұл мереке. Осы бағытта жұмыс істейтін кәсіби фотограф, тіпті өте кішкентай сәбилер үшін жайлы атмосфера жасауға көмектеседі. Балалар фототүсірілімін ұйымдастыру: туған күн, «тұсаукесер», «тіл ашар» сияқты дәстүрлер кезінде сұранысқа ие. Сондай-ақ, балабақша мен мектепте фототүсірілім жасау танымал болып келеді.

Отбасылық фототүсірілімді студияда жасауға болады. Әсіресе, суық мезгілдерде. Фотографтар арнайы интерьерді жалға беру арқылы қызметтерін ұсынады: ойыншықтар, шарлар және бақыт пен жайлылықты бейнелейтін керек-жарақтар.

Табиғат аясында ұйымдастырылатын отбасылық фототүсірілімдер де сұранысқа ие. Идеялар әр түрлі: ертегі әлемі, ертегі әлеміндегі орманда, табиғат аясында тамақтану және т.б. Мұндай тақырыптар жазда отбасылық фото түсірілімі үшін жақсы.

Балалармен отбасылық фототүсірілімге тапсырыс беру үшін осы бөлімде ұсынылған, әріптестеріміздің қызметтерін пайдалана аласыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...