Сыйлықтар мен оны таңдаудағы ерекшеліктер:
Сыйлық берудегі себеп. Сыйлықты қандай да бір қуанышты оқиғаның құрметіне ұсынады, бірақ көңіл бөлу, махаббат білдіру үшін де, еш себепсіз де беріледі.
● Мерейтойға арналған сыйлық әдетте мерейтой иесінің қызығушылығына байланысты таңдалады (аңшылық, балық аулау, саяхат, музыка, ас әзірлеу және т.б.). Егер сыйлық иесінің қандай қызығушылығы бар екенін білмесеңіз, әмбебап нұсқасын таңдай аласыз (гүлдер, десерт, кәдесый немесе өнер туындысы).
● Анаңыз бен әкеңіздің туған күніне сүйікті қойылымына немесе концертке билет сатып алсаңыз болады. Жиі алынатын сыйлықтарға: үйге арналған техникалық құрылғылар, зергерлік бұйымдар, денсаулық сақтау орталықтарына арналған сертификаттар кіреді. Талғамын білетін болсаңыз қыздардың туған күніне сыйлық таңдау еш қиындық тудырмайды. Зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, сұлулық қызметтер, түрлі іс-шараларға сертификаттар (сүйікті әншісінің концертінен бастап әуе шарында ұшуға дейін). Құрбылардың туған күніне арналған сыйлық - сүйікті брендінен алған заттар немесе квест бөлме, музыка концерт сияқты көңілді кештерге бірге бару.
● Үйлену тойға арналған сыйлықтың, әдетте қолданыстағы маңыздылығы ескеріледі. Тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ жиынтығы сияқты жаңа отбасылық өмірге қажетті заттар. Сондай-ақ романтикалық сапар/саяхат сияқты сый ұйымдастыруға болады.
Сыйлық алушы. Жігіт, қыз және балаларға сыйлық. Олардың жасы, хоббиі мен талғамына сай сыйлық таңдауға болады.
- Ер адамдар сүйікті топтамасын толықтырғанды ұнатады: түрлі құралдар, музыкалық альбомдар, ретро кәдесыйлар, әр түрлі елде жасалған шарап өнімдері және т.б. Ал қолғап, қолшатыр, запонки, белбеу сияқты керек-жарақтарды сыйлау қашан да орынды. Нәзік жандылар өзіне ерекше назар аударғанын қалайды, бірақ сый жасағанда ерекшелік болғаны маңызды. Жиі сыйланатын сыйлықтарға: зергерлік бұйымдар, иіс су, сән бутиктері мен сұлулық дүкендеріне арналған сертификаттар. Гүлдер кез келген сыйлықты толықтырады.
- Балаларға- циркке, ойын-сауық саябақтарына арналған билеттер сыйлауға болады. Оларға ең жиі сыйланатын сыйлық – ойыншықтар. Қызықты мекемелерге: жарға өрмелеу, ойын-сауық сауда орталықтарындағы балаларға арналған қалашықтарға сертификаттар сыйлауға да ұсыныстар көптеп түседі.
TOi BiZNES порталындағы жарнамалар арқылы кез келген шара үшін лайықты сыйлық таба аласыз.