Сайт материалдарын қолдану шарты

TOi BiZNES.KZ сайтының барлық Қонақтары мен Қолданушылары назарына

  1. Сайтта жарияланған ақпараттық хабарламалар, аналитикалық талдау мақалалар, мамандар пікірінің мәтіні, суреттер, иллюстрациялар, видеосюжеттер, аудиожазбалар және басқа материалдар төменде ұғынықты оқылуы үшін ары қарай Материал деп аталады.

  2. Сайт Қолданушылары жариялаған Материалдарды қоспағанда осы сайтта жарияланған барлық Материалдың авторлық құқығы TOi BiZNES.KZ  сайтының Әкімшілігіне тиесілі.

  3. Сайтта Материал жариялау және өзге қызметтер бойынша сұрақтар туындаса Сайт Әкімшілігі ресми өкіл болып табылады.

  4. Біздің ресурста хабарландыру, жаңалықтар, PR-мақалалар есебінде жарық көрген Қолданушылар Материалына қатысты сайт Әкімшілігі тек жариялау құқығына ие; кез келген қайта басу немесе ретрансляция жасау, көшіру, өзгерту және/немесе қандай  пішінде болса да кез келген ресурста, интернет сайттарын қоса алғанда, Қолданушының жазбаша рұқсатынсыз таратуға тыйым салынады. Қолданушы жариялаған Материалды қолдану үшін өзіне тікелей байланысуыңыз қажет.

  5. Сайт Әкімшілігі өзіне тиесілі Материалдарды көшіріп басу мен ретрансляция жасаудың шарттарын кез келген уақытта және еш түсініктемесіз өзгерту, сондай-ақ өзіне тиесілі Матриалдарды қолдануға бір немесе бірнеше Қолданушы тізімін жариялау арқылы мүлде шектеу қою немесе тыйым салу құқығын өзіне қалдырады.

  6. TOi BiZNES.KZ сайтында жарияланған барлық Материалдың төменгі жағында «Пікірлер» белгісі болса, Қолданушылар өз пікірін жазып қалдыра алады. Материал мазмұнына қарай жазылған пікірлер Қолданушылардың жеке көзқарастарын білдіреді. Кез келген Қолданушы төменде көрсетілген ережелерді сақтай отырып, сайт Материалдары мен Қолданушыларына өз пікірін қалдыра алады.   

  7. Пікір қалдыру үшін сайт Қолданушысы есебінде тіркелу үрдісінен өтуі міндетті.

 

Пікір қалдыру барысында рұқсат етілмейді:

  • Қолданушыға қатысы жоқ, немесе Қолданушыға қатысы бола тұра заңмен немесе келісімшарт шарттарымен тыйым салынған құпия ақпараттар қалдыруға;

  • заңмен қорғалатын патенттелген зияткерлік меншік ақпаратын немесе оның бөлігін, тауар таңбасын, құпия ақпаратын, авторлық және өзге де құқығы қорғалған ақпараттады қолдану немесе жариялау құқығы жоқ Қолданушылар оның көшірмесін жариялауға;   

  • Материалда көрсетілген, немесе өзге Қолданушылар мен барлық тұлғаларға қатысты мазмұны тура және жанама мағынада тіл тигізу, қысым көрсету, зорлыққа үндеу, құқық бұзушылыққа итермелеу, антиқоғамдық, адамгершілікке жат қылықтар, құқыққа және көргенділікке жат өзге де істер жасауға итермелейтін әрекеттерден құралған пікірлер қалдыруға;

  • мазмұны Қолданушының, мекеменің, немесе тұлғаның  ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, немесе келтіруі мүмкін, не кәмелетке толмаған адамның құқығын бұзатын пікірлер қалдыруға;

  • балағат лексикадан құралған пікірлер қалдыруға;

  • мазмұны суицид жасауға итермелейтін құралдар мен әдістерді сипаттау, кез келген азғыру мәнін құрайтын пікірлер қалдыруға;

  • өзге Қолданушылардың немесе тұлғалардың жеке және байланыс деректерін жариялауға;

  1. Қолданушы пікір жариялау барысында өзіне оның мазмұны мен білдіру әдісіне жеке жауапкершілік жүктейді.

  2. Сайт Материалдарына немесе Қолданушы материалдарына жазыған пікірлер TOi BiZNES.KZ сайты Әкімшілігінің көзқарасын білдірмейді, және Сайт Әкімшілігінің көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.

  3. Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта және ескертусіз немесе себебін түсіндірместен Қолданушының Материалдарға қалдырған пікірлерін өшіре алады, немесе пікірді жариялаудан бас тартады.

  4. Сайт Әкімшілігі Материалдарға қалдырған Қолданушылар пікірінің мазмұнына және заң талаптарына сай келуіне, авторлық және өзге де құқықтардың бұзылуына, тауар белгісін рұқсатсыз пайдалануға, мекеме атаулары мен логотиптерінің қолданылуына, сондай-ақ өзге де мүмкін болған құқық бұзушылықтар мен қалдырылған пікірлер үшінші жаққа  зиян келтіретіндей заңға қайшы әрекеттерге байланысты жауапкершілік жүктемейді, кез келген уақытта себебін түсіндірместен пікірлерді өшіру құқығын өзіне қалдырады.  

  5. Қолданушы өзі қалдырған пікірде өзге Қолданушының, құқығы жоқ бола тұра мекеме және/немесе бірлестік өкілінің, оның ішінде Сайт қызметкерінің, Сайт Әкімшілігі өкілінің атынан пікір білдіруге құқығы жоқ.

  6. Әкімшілік кез келген уақытта Материалдарға пікір қалдыру мүмкіндігін өзгертуге немесе тоқтатуға, сондай-ақ сайттағы Материалға қолжетімділікті уақытша немесе толық тоқтатуды өз қарауында қалдыруға құқылы.

  7. Сайттың веб-парақшаларында өзге интернет-ресурстарына сілтемелер жасалуы мүмкін. Ондай сілтемелерге өтуді Қолданушы өз таңдауы мен тәуекеліне қалдырады. Қолданушы ол ресурстар мен контенттің қолжетімділігіне, сондай-ақ ол ресурстарға өту мен қолданудан келетін залалдарға сайт Әкімшілігі өзіне ешқандай жауапкершілік жүктемейтінімен келіседі.

 

Тыйым салынады:

  • сайтта жарияланған ақпараттарды жинау мақсатында кез келген автоматты және/немесе автоматтандырылған құралдарды қолдануға;

  • нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік немесе діни жеккөрушілік пен жауласуды қоздыруға үгіт-насихат жасауға, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік діни немесе тілдік үстемдіктерді өршітуге, соғыс және зорлықты насихаттауға;  

  • жарнамалық ақпаратты қамтитын пікір қалдыруға;

  • материалға нақты қатысы жоқ кез келген ақпаратты қалдыруға;

  • сайттың тұрақты жұмыс жасауына кері әсерін тигізетін әрекеттерді жүзеге асыруға, сайттың немесе оның жабық бөлімдеріне (сайт Әкімшілігіне ғана қолжетімді бөлімдер) рұқсат етілмеген қолжетімділікке талпынуға, сондай-ақ жүйелік шабуылдау болып есептелетін кез келген өзге әрекеттерді жүзеге асыруға;

  • әдейі немесе байқаусызда жергілікті, мемлекеттік немесе халықаралық  заң бұзушылық жасауға.

Қолданушылардың назарына  заң алдындағы жауапкершілікті ескертуде сайт Әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мынадай әрекеттерде азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын баса ескертеді:

  • ақпаратты жариялау (құпиялылықты бұзу), яғни нәтижесінде қолжетімділігі заңмен шектелген (мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпия, әр түрлі кәсіптік құпиялар, т.с.с.) бөгде тұлғаларға оның иесінің рұқсатынсыз ақпараттар жариялауда;

  • зияткерлік меншікті  рұқсатсыз пайдалану (ғылыми шығармалар, әдебиеттер, өнер туындылары, ЭЕМ арналған бағдарламалар және дерекқорлар, фонограммалар, т.б. ), сондай-ақ, көшірмесін немесе үзіндісін Интернет желісіне жариялауда;

  • Жеккөрушілік немесе жауласуды қоздыру, тұлғаның немесе топ мүшелерінің ары мен беделіне нұқсан келтіру, балағаттау, азаматтарды зорлыққа үндеу, азаматтық парызды орындаудан бас тарту, құқыққа қарсы әрекеттер жасау, және Қазақстан Республикасының заң актілерімен шектеу қойылған өзге де әрекеттер жасауда; 

Сайттағы кез-келген Материалды қолдану TOi BiZNES.KZ сайтына гиперсілтеме жасау арқылы ғана рұқсат етіледі.