Хабарландыру орналастыру ережесі
Сіз TOi BiZNES.KZ сайтына өз хабарландыруыңызды оңай әрі тез жариялай аласыз!
Ол үшін:
- Беттің оң жақ жоғары бұрышында орналасқан «Хабарландыру қосу» түймесін басыңыз.
- Хабарландыруыңызға сай келетін категорияны таңдаңыз. Сіз сайттан іздеу арқылы алдын ала қажетті категорияны анықтап, хабарландыруды сол бөлім арқылы бірден қосуыңызға болады.
- Тақырыпқа Сіз ұсынатын мекеменің, тауардың немесе қызмет түрінің атауын жазыңыз. Ол түсінікті әрі анық жазылуы тиіс.
- Сіздің хабарландыруыңыз қай түрге жататынын анықтаңыз. Өзіңіз ұсынған мекеменің, тауардың немесе қызмет түрінің параметрін, сипаттамасын енгізіп, жан-жақты ақпарат беруге тырысыңыз. Ол сіздің мекемеңіздің, ұсынған тауар немесе қызмет түрлерінің тұтынушыларын жылдам табуға, қосымша сұрақтардың азаюуына әсер етеді. Мүмкіндігінше барлық пункт толтырылуын қадағалаңыз.
- Сапалы суреттер қосыңыз. Сапалы суретті хабарландыру суретсіз хабарландыруға қарағанда көп назар аудартады! Сіз суретті 5 Мбайт-тан аспайтын көлемде .png .jpg .jpeg .gif форматтарында енгізе аласыз.
- Youtube.com, vimeo.com, kiwi.kz сынды видеохостингтарға сілтеме жасап, сапалы видео қосыңыз.
- Баға туралы ақпаратты енгізіңіз (меню, прайс-лист).
- Өз мекен-жайыңыз бен аймағыңызды көрсетіңіз. Бұл Сіздің тапсырыс берушіңізге іздеу барысында көп көмегін тигізеді.
- Байланысу деректерін енгізіңіз. Ол бетте хабарландыруыңызбен қатар көрсетіледі.
- Хабарландыруды жариялау үшін «Хабарландыру енгізу» батырмасын басыңыз. Тіркелген қолданушылардың хабарландырулары модератор тексеруінен өтеді.
- Әр хабарландыру үшін 1 жылға 5200 теңге көлемінде алдын ала төлем жасалғаннан кейін Пайдалану келісімі және Хабарландыру орналастыру ережесінің шарттарына сай келген хабарландыру TOi BiZNES.KZ сайтында жарияланады.
Хабарландыру жариялау мерзімі
- TOi BiZNES.KZ сайтында кез келген категорияда алғаш жарияланған хабарландыру 1 жылға 5200 теңге көлемінде алдын ала төлем жасалғаннан кейін 30 күн тегін орналастырылады. Хабарандырудың жариялану кезеңі Сіздің жеке кабинетіңізде көрсетілген.
- Тегін жариялау мерзімі біткеннен кейін хабарландыруыңыз маңызды күшін сақтаса жеке кабинетте «Ұзарту» батырмасын басып 7 күнге созуға болады. Сондай-ақ, Сіз «Хабарландыруды апта сайын автоматты түрде ұзарту» қызметін пайдалана аласыз. Ұзарту мерзімінің бағасы «Ақылы қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Хабарландыруды ұзарту үшін Сіздің шотыңызда жеткілікті қаражат болуы қажет.
- Жариялану кезеңі біткен хабарландыру автоматты түрде жеке кабинет ішіндегі «Мұрағаттар» тізіміне аударылады. Сіз кез-келген уақытта ескірген хабарландыруды қайта қалпына келтіре аласыз.
- Пайдалану келісімі және Хабарландыру орналастыру ережесінің шарттарына сәйкес TOi BiZNES.KZ сайтының әкімшілігі кез-келген талапқа сай келмейтін хабарландыруды еш түсініктемесіз өшіру құқығын өзіне қалдырады. Орналастыру барысында хабарландыруыңыздың Пайдалану келісімі және Хабарландыру орналастыру ережесінің шарттарына сай келуін қадағалауыңызды өтінеміз.
Хабарландырудың атауы мен мәтіні
- Хабарландырудың мәтіні арнайы терминдер, қысқартып жазулар немесе атауларды (Латын әліпбиі) қоспағанда қазақ және/немесе орыс тілінде жазылады.
- Хабарландыру беру формасын атауына сәйкес толтыру қажет.
- Телефон нөмірі сайт формасында енгізілуі тиіс.
- Тыйым салынады:
- хабарландыру атауында немесе мәтінде қайталанатын тыныс белгілері бар және/немесе әріпке жатпайтын сиволдар енгізуге.
- Бас тақырыпта анық немесе жанама түрде бағаны көрсетуге.
- Хабарландыруға қатысы жоқ сайтқа немесе электронды поштаға сілтеме беруге.
Сурет жариялау ережесі
- Жеке бас құпиясын сақтау құқығына және Қазақстан Републикасы заңдарында көзделген міндеттерге қайшы келетін суреттерді жариялауға тыйым салынады.
- Пайдалану келісімі және Хабарландыру орналастыру ережесінің шарттарын сақтауды қамтамасыз ету барысында барлық сурет модератордың тексеруінен кейін жарияланады.
- Осы Ережеге қайшы келетін сурет анықталған жағдайда бірден жойылады.
- Хабарландыруда жарияланған суреттің (файл) мазмұны үшін TOi BiZNES.KZ сайтының әкімшілігі өзіне жауапкершілік арқаламайды.
- Хабарландырудағы суреттің құқығы оның жариялаушысына (Қолданушы) тиесілі болады.
- Суретте:
- Ерекше белгі (сутаңба), логотип
- Байланысу ақпараты (телефон нөмірі, e-mail, Skype, WhatsApp, Viber сынды өзге де хабар алмасу сервисі деректерін)
- Бірнеше қатар қойылған сурет
- Баға, кредит, бөліп төлеу және жарнамалық акциялар туралы ақпарат
- «Мерекелік» сәндеу және жиектеу
- Атау мен сайт мекен-жайын енгізуді
- Мемлекеттік символдар
- Эротикалық мазмұндағы бейнелер қолдануға тыйым салынады.
- Суретте бірнеше адам бейнеленген болса, жариялау олардың ауызша және/немесе жазбаша келісімі бойынша, немесе ол тауар жарнамасының бір бөлігі болса, азаматтық айналымға енгізген құқық иеленушілерінің рұқсатымен жүзеге асырылады
- TOi BiZNES.KZ сайтының өзге қолданушыларының суретін көшіріп салуға тыйым салынады.
Сайтқа тіркеліңіз де, 30 күн тегін жарнама ілу мүмкіндігін алыңыз!
Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.