Ақылы қызметтер

TOi BiZNES.KZ порталында хабарландыру ілу бойынша бағалар анықтамалығы: (31.12.2017ж. дейін жарамды)

 

ІЛГЕРІЛЕТУ НҰСҚАСЫ

  1. Хабарландыруда ілгерілетудің қосымша қызметтерін пайдалану сайт қонақтары назарын өзіне аударып, сұранысты арттырады. Топ-хабарландыру қызметіне тапсырыс берсеңіз Сіздің хабарландыруыңыз TOi BiZNES.KZ сайтының бірінші бетінен орналасқандықтан сайт қонақтарының максималды тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Топ-хабарландыру қызметі Сізге « ТОП Қазақстан бойынша» немесе «ТОП аймақ бойынша» қызметімен аймақ таңдау мүмкіндігін ұсынады. 
  2. Егер Сіз хабарландыруыңыз бойынша көп тапсырыстар қабылдағыңыз келсе, Топ-хабарландыру қызметі Сіздің хабарландыруыңызға назар аудару санын арттыруда таптырмас мүмкіндік. 
  3. Түспен белгілеу қызметін қолданып, Сіз мыңдаған хабарландыру арасынан өз хабарландыруыңызды белгілеп, потенциалды клиенттердің әрқашан назарын аудара аласыз. Статистика бойынша түспен боялған хабарландыру өзгелерге қарағанда көп қаралып, соған сай тапсырыс беру ықтималдығын арттырады.  
  4. TOi BiZNES.KZ  сайтына жаңа хабарландыру орналастыру барысында әр минут сайын бөлімдер бойынша бірнеше жүздеген белсенді хабарландырулар төмендей береді. Сіз қатардағы немесе таңдалған бөлімдегі  өз хабарландыруларыңызды Көтеру қызметін пайдалану арқылы мерзімін жаңалап, тізім басына шығара аласыз. 
  5. Сіз Белгі қою қызметін қосымша пайдалану арқылы хабарландыруыңызға Науқан немесе Жеңілдік белгісін бекітіп, бәсекелестер арасынан ерекшелей аласыз! 

 

 

ҚЫЗМЕТ БАҒАЛАРЫ*

Қызмет түрі

Шоттан төлеу**

SMS арқылы төлеу***

Мерзімі                                        

Ұзарту

100 бір.

299 бір.

7 күн

Түспен белгілеу

100 бір.

299 бір.

7 күн

Белгі қою

100 бір.

299 бір.

7 күн

Көтеру

100 бір.

299 бір.

Өзінен кейінгі хабарландыру жарияланғанша орынын сақтайды

ТОП Қазақстан бойынша

3000 бір.

Төлем жасалмайды

Өзінен кейінгі хабарландыру жарияланғанша орынын сақтайды

ТОП аймақ бойынша

1000 бір.

Төлем жасалмайды

Өзінен кейінгі хабарландыру жарияланғанша орынын сақтайды          

*Қаражат жеке кабинеттегі дербес шотқа аударылады. Бұл қаражат жеке кабинеттегі сайт қызметтерінің ақылы функциясына төленеді.

** Шотты банк картасы немесе QIWI жүйесі арқылы толтыруда, Сіз 1 бірлік құны 1теңгеге тең сайт бірлігін иеленесіз.

*** Шотты SMS арқылы толтыруда, Сіз 1 бірлік құны 2.99 теңгеге тең сайт бірлігін иеленесіз.

****Қызметтер құнына банктік және/немесе QIWI төлем жүйесінің аудару комиссиясы есептелмеген. 

 

ЖАРНАМА ІЛУ
 

  • Жаңалықтар,
  • PR мақалалар,
  • баннерлер

ынтымақтастық жөнендегі сұрақтар бойынша +7 (727) 344 91 72, +7 (705) 224 71 50 хабарласыңыз, немесе info@toibiznes.kz жазыңыз. 

 

ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
 

  1. Дербес шотты QIWI терминалы бойынша толтыру мен қызметтерді төлеу 

Дербес шотты кез-келген QIWI терминалынан толтыруға болады. Терминалдар орналасу картасы мен байланыс ақпаратын Сіз www.qiwi.kz сайтынан таба аласыз. 

Төлем жасағаннан кейін түбіртек алуды ұмытпаңыз! Шотқа ақша түспей қалу немесе қате сома енгізу міселелеріне байланысты барлық шағымдар осы түбіртек негізінде ғана қабылданады. 

Егер қандай бір себептермен төлем жасау мүмкін болмаса, түбіртекте көрсетілген телефон нөміріне, немесе QIWI  компаниясының кеңсесіне +7 (727) 356 12 12 нөмірі бойынша хабарласуыңызды өтінеміз. 

 

Инструкция оплаты через QIWI терминал

 

     2. Дербес шотты банк картасы арқылы толтыру мен қызметтерді төлеу 

Ыңғайлы әрі сенімді төлем әдістерін «Казкоммерцбанк» АҚ ұсынады. Төлемге халықаралық VISA, MasterCard, Maestro төлем жүйесіндегі барлық төлем карталары қабылданады.  

Дербес шотты толтыру мен төлемнің осы түрін таңдауда Сіз «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қауіпсіз төлем парақшасына автоматты түрде ауысып, өз банк картаңыздың ақпаратын толтырасыз: 

  • Есіміңіз, картада көрсетілгендей 
  • Карта нөмірі – ол картаның беттік жағында орналасқан. Барлық цифрды бос орынсыз енгізу керек.
  • Картаның жарамдылық айы мен жылы – ол да картаның беттік жағында орналасқан. 
  • CVC2/CVV2 коды, картаның екінші бетінде орналасқан. Соңғы 3 цифрды енгізу керек. 

«Төлеу» батырмасын басқан соң, 3-D Secure құпиясөз енгізуді талап етуі мүмкін. Бұл құпиясөзді Сіз өз банкіңізден ала аласыз. Оны енгізу үшін Сіз автоматты түрде банк парақшасына ауысасыз. Төлем жүргізілгеннен соң біздің сайтқа қайта ораласыз. Авторизациялау туралы хабарлама сіздің электронды поштаңызға жолданады.

Төлемді іске асыру барысында тоқтап қалу жағдайы орын алса, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қолдау қызметіне +7 (727) 258 52 57 нөмірі бойынша немесе epay@kkb.kz электронды поштасына байланысуыңыз қажет. Сіз сондай-ақ TOi BiZNES.KZ  қолдау қызметіне support@toibiznes.kz поштасына хат жолдай аласыз. 

 

 

         3. Дербес шотты мобильді телефон арқылы толтыру мен қызметтерді төлеу.

Дербес шотты толтыру осы әдіспен толтыру барысында нұсқаулықты оқу үшін жеке кабинетте «SMS» арқылы төлеу әдісін таңдаңыз. Нұсқаулықта көрсетілген қысқа нөмірге SMS-хабарлама жолдап, төлемді растау мен қызметті белсендіру жайлы SMS-жауапты күтіңіз. 

SMS-хабарлама жіберу барысында нұсқаулықты қатаң сақтаңыз, өйткені, сұраныс нәтижесіне қарамастан сіздің ұялы байланыс операторыңыз шотыңыздан төлем алады. SMS-хабарламаны бос орынды қосқанда, екінші жолға тасымалсыз тек латын әріптерімен жолдаңыз.

Төлем жасаудың қай түрін таңдау өз еркіңізде. Өзіңізге ыңғайлы әдіспен дербес шотыңызды толтырыңыз.

 

ҚОЛДАНУ ШАРТЫ УСЛОВИЯ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ

  1. Егер хабарландыру Пайдаланушы келісімі мен Хабарландыру орналастыру ережесі шарттарына қайшы келсе, түзетуге жіберіледі, немесе жойылады.
  2. Егер СІз хабарландыруыңызды әдейі немесе қателесіп басқа бөлімге салып қойсаңыз, модератор оны бөлек бөлімге енгізіп түзету құқығын өзіңізге қалдырады. 
  3. Егер хабарландыру Сіздің қателесуіңізбен белсенділігі тоқталса, Сіз оны жеке парақшаңызда  мұрағат тізімінен қайта қалпына келтіре аласыз. Бұл арада қызмет ету әрекеті сақталады, бірақ қолданылмаған уақыт ақысы қайтарылмайды. Егер хабарландыру мұрағаттан өшсе қайта қалпына келуі мүмкін емес. Жаңа хабарландыру құруға тура келеді. 
  4. Егер қызметке төлем жасау расталғаннан кейін Сіз TOi BiZNES.KZ сайтынан өз хабарландыруыңыз табылмаса, Ctrl+R пернелерін басу арқылы өз браузеріңіздің кэшін (уақытша жадысын) жаңалаңыз. Хабарландыруыңыз көрінбеуінің мынадай өзге де себептері болуы мүмкін: 
  • хабарландыру модератор тексеруінде. Жаңа, немесе түзету енгізілген барлық хабарландыру TOi BiZNES.KZ  сайтына модератор тексеруінен кейін ғана жарияланады;
  • хабарландыруда қате кетуі себепті түзетуге жолданған. Хабарландыруға талаптарға сай өзгерістер енгізілгеннен кейін қайта модератор тексеруіне өтеді. Сізге хабарландыруыңыздың нақты қайтарылу себебі көрсетілген қызметтік хат электронды поштаңызға жолданады (егер Сізге TOi BiZNES.KZ - тен хат келмесе, «Спам/Рассылки» папкаларын тексеріп көріңіз). Модератор тексеруінен өтпей қайтарылған хабарландырулар тізімі сондай-ақ Сіздің жеке кабинетіңізде көрсетіледі; 
  • хабарландыру модератор қатысуымен Пайдалану келісімі немесе Хабарландыру орналастыру ережесі талаптарын бұзу себепті кері қайтарылған немесе жойылған. Сізге хабарландыруыңыздың нақты жойылу себебі көрсетілген қызметтік хат электронды поштаңызға жолданады (егер Сізге TOi BiZNES.KZ - тен хат келмесе, «Спам/Рассылки» папкаларын тексеріп көріңіз); 

Егер Сіздің хабарландыруыңыз TOi BiZNES.KZ  сайтының Пайдаланушы келісімі мен хабарландыру орналастыру ережесіне сай бола тұра біздің тараптан жойылған деп есептесеңіз, бұл жайлы support@toibiznes.kz мекен-жайына ескертуіңізді өтінеміз. 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.