Жоба жайлы

TOi BiZNES.kz порталы той-думан, мерекелік кештер аясындағы барлық қызмет түрін ұсынады, ең бастысы, тұтынушыға кез-келген салтанатты жиынды өткізуге қатысты барлық қажетті ақпаратты бір ғана жерден табуға мүмкіндік береді.

TOi BiZNES.kz бірыңғай (жинақталған) порталы барлық Қазақстан бойынша жұмыс жасайды, байланыс нөмірлері, пікірлер, бағалар, фотосуреттер, мейрамханалар, банкет залдары, сұлулық салондары, гүлдер, сыйлықтар, дүкендер мен салтанатты кештерге арналған киімдер дүкендері, event-агенттіктер, әртістер мен жүргізушілер туралы барлық ақпаратты жинайды және сақтайды.

Біз Facebook, Вконтакте, Instagram әлеуметтік желілерінде TOi BiZNES.kz порталының халыққа танылуы үшін қажетті ақпарат таратамыз, Сіздер жайлы, ойын-сауыққа қатысты жалпылама және жергілікті жаңалықтарды жеткізетін, іс-шаралар ұйымдастырудағы әлемдік үрдістер туралы айтылатын топтар ашамыз.

Клиент сізді еш қиындықсыз тауып, онлайн режимінде тапсырыс беріп, Сізге сұрақ қойып, тапсырысқа өтініш жасап, пікір қалдырып, қызмет көрсету деңгейін бағалап, әлеуметтік желілерде ақпаратпен бөлісе алады.