Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Сіздер той ұйымдастырасыздар ма? Event агенттік емессіздер ме?
    www.toibiznes.kz сайты Event агенттік емес. Сайттың қызметі – қуанышын көппен бөлісуге асыққан жандарға той ұйымдастыру жағынан қызмет көрсетушілер, түрлі тауарлар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
     
  2. Сайт Алматыға ғана арналған ба?
    Сайт Қазақстанның барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ 10 000-нан аса тұрғыны бар елді мекендерде қызмет көрсетуді ұсынады.
     
  3. Хабарландыру ілу қанша тұрады? Қалай төлеймін?
    Хабарландырудың бағасы сайт тарифіне сәйкес мына сілтемеде. Төлем смс, qiwi әмиян және банк картасы арқылы жүргізіледі.
     
  4. Өтініш ұйымдастыру деген не?
    Бұл қолданушыларға өтініш беруге арналған функция. Яғни, сіз өзіңізге қажет қызмет, тауар түрлерін, бағасын, мекен-жайын көрсетіп, тапсырыс бере аласыз. Сұранысыңыз талапқа сай келетін қызмет, тауар түрін ұсынушыларға тікелей бағытталады.
     
  5. Хабарландыруды қалай қосамын?
    Хабарлама қосу үшін тіркелу міндетті. Тіркеу рәсімі туралы ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз.
     
  6. Мекен-жайларыңыз қайда орналасқан?
    Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Мақатаев к-сі, 117 үй. «LOTOS» бизнес орталығы, А блогы, 533-офис.
     
  7. Сайтқа видео жүктеуге бола ма?
    Хабарландыруыңызға сай келетін Youtube-тағы видеоңыздың сілтемесін хабарламамен бірге жариялай аласыз.
     
  8. Бір хабарландыруда неше сурет жариялауға болады?
    Бір хабарландыруда 10 суретке дейін жариялауға болады.
     
  9. Хабарландыру жариялауда шектеулер бар ма?
    Хабарландыру мына сілтемедегі талаптарға сай келуі тиіс.
     
  10. Хабарландыру ілу барысында картаны қалай қолданады?
    Хабарландыруды жариялау барысында елді мекенді белгілеген соң көше атауы мен ғимарат нөмірін енгізсеңіз карта автоматты түрде нысанның орналасқан жерін тауып береді.

    Басқа сұрақтарыңыз болса бізге жазыңыз.