Құпиялық саясаты

Қолданушы жайлы ақпарат

  1. TOi BiZNES.KZ сайтына тіркелу және хабарландыру беру барысында Қолданушы келесі ақпараттарды ұсынады:
  • Тегі, есімі, әкесінің есімі
  • Электронды пошта;
  • Телефон нөмірі (Қолданушы компьютерінің IP-адресі автоматты түрде жазып алынады).

TOi BiZNES.KZ сайтына тіркелу үшін аталған байланыс деректерін көрсете отырып Қолданушы өзі енгізген ақпараттар жеке деректер болып табылмайтынын түсініп, келіседі және сайт Әкімшілігі Қолданушы алдында өз міндетін орындауы үшін ерікті түрде қажетті көлемде ұсынады.

 

Жарияламау туралы міндеттеме

  1. TOi BiZNES.KZ сайтының Әкімшілігі Қолданушыдан алынған ақпараттарды жарияламауға міндеттеледі. Сайт Әкімшілігі Қолданушы алдында өз міндетін орындауы үшін Әкімшілікпен келісімшарт жасасқан агентке және үшінші жаққа ақпаратты таратуы міндеттеменің бұзылуы болып саналмайды.
  2. Заң және құқық қорғау органдары талаптарына сәйкес ақпараттарды жариялау міндеттеменің бұзылуы болып саналмайды.
  3. Сайт Әкімшілігі өзіне TOi BiZNES.KZ сайтында Қолданушы жариялаған жалпыға ортақ мәліметтер үшін жауапкершілік жүктемейді. 

Хат жолдаулар және ақпараттық хабар

  1. TOi BiZNES.KZ сайтына тіркелу барысында Қолданушы сайт Әкімшілігінен жарнамалық-ақпараттық мазмұнда (анонстар, хабарлаулар, төлем туралы ақпарат, оңтайландыру және хабарландырудың тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар, тағы басқа.) хаттар алып тұруға келісім береді.
  2. Жарнамалық-ақпараттық мазмұнда жолдау-хаттар алып тұру мерзімі TOi BiZNES.KZ сайтындағы хабарландыру әрекеті жайлы қызметтік ескерту-хабарламаларды қоспағанда күніне бір хабарламадан аспайды.
  3. Хат жолдау электронды форматта поштаға және/немесе қысқа хабарламамен (SMS) Қолданушы тіркелу немесе хабарландыру беру барысында көрсеткен телефон нөміріне жолданады.
  4. Хат жолдаулар Қолданушы тіркелген немесе хабарландыру ілген сайт тақырыптарымен ғана шектелмейді.

 

Жинақталған ақпаратты қорғау

  1. Біз құпия деректердің қорғалуына барлық қисынға сай сақтық шараларымен әрекет етеміз. Жиналған барлық дерек бір немесе бірнеше қорғалған дерекқор серверлерде сақталған, және біздің бірлескен желіден тыс қолжетімді болуы мүмкін емес. Қолданушы жайлы ақпаратқа қолжетімділік құқығы Әкімшілік қызметкерлеріне тек функционалдық міндеті шеңберінде ғана беріледі. Қолданушы жайлы ақпаратқа қолжетімділік құқығы бар барлық сайт Әкімшілігі қызметкерлері ақпаратты үшінші жаққа жарияламау жайлы келісімге қол қояды.  

Изменения в политике конфиденциальности Құпиялық саясатындағы өзгерістер

  1. TOi BiZNES.KZ  сайтының Әкімшілігі Құпиялық саясаты шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.