Шара ұйымдастыру -> Тақырыптық кештер ұйымдастыру

Қазіргі уақытта тақырыптық кештердің танымалдығы артуда. Арнайы бір тақырыпқа байланыстырылып ұйымдастырылғандықтан да ерекше әсер қалдырады, ерекше көңіл-күй орнатады. Тақырыптық кеш өз деңгейінде өтуі үшін де оның ұйымдастыру жұмыстарын кәсіби мамандардың қолына тапсыру керек. Себебі, тақырыптық кешті ұйымдастыру өзге қарапайым кештерге қарағанда көп жұмысты талап етеді. Тақырыптық кеш дегенде ұйымдастырушы тапсырыс берушінің ойын анық түсінуі керек. Мұндай кештердің өзін бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа, классикалық түрлі кейіпкерлер немесе фильм, ертегі желісінде ұйымдастырылған кештер кіреді. Ал, екінші топқа түрлі креативті тың ойлардың нәтижесінде тұтынушылардың немесе ұйымдастырушылардың ұсынысымен жүзеге асырылатын кештер кіреді.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Тақырыптық кеш өткізгіңіз келсе оны өткізетін орынға ерекше мән беріңіз және тақырыпқа мүмкіндігінше сай болуын қадағалаңыз. Бұл өтетін орынды безендіру жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді. Тақырыптық кештің сценариі оның жоғарғы деңгейде өтуіне бірден бір себепкер. Ұйымдастыру жұмыстарының алдында дәл осы сценарий құрып, талқылап, дұрыс түсінуден басталады. Қонақтардың есінде сақталып, ерекше өтуі де сценарийге тікелей байланысты. Дастархан мәзірі кез келген кештің ажырамас бөлігі. Тақырыптық кешке де арнайы мәзір құрылады. Жалпы тақырыптық кеш үшін арнайы қатып қалған мәзір немесе тағамдар тізімі жоқ. Ол қашанда тапсырыс берушінің талғамына сай құрылады. Дегенмен, мәзірді тақырыпқа бейімдегіңіз келсе ол да өз қолыңызда. Соңында, шоу –бағдарламаны құру қалады. Мұнда сіз тақырыпқа сай қандай әртістерді немесе түрлі жаныр орындаушылары шақыртқыңыз келетінін ұйымдастырушыларға айта аласыз немесе шақыртып қойған мерекелік көрсетілімдерді шоу-бағдарламаға қостырта аласыз.

Егер тапсырыс беруші ретінде өзіңіздің жеке ойыңыз болса ұйымдастырушылар оны толыққанды  жүзеге асырып береді. Оның үстіне ұйымдастырушы топ тапсырыспен кешенді түрде айналысады. Мысалы, егер сіз, белгілі бір стильде өтетін тақырыптық кешке тапсырыс берсеңіз, ұйымдастыру тобы:

  • Жалпы айтқанда кештің ұйымдастырылуын;
  • Тақырыптық кеш өтетін орынның безендірілуін;
  • Кешті музыкалық әрлеу және репертуарын құруды;
  • Шоу-бағдарлама ұйымдастыруды және әртістерді шақырту;
  • Баспа қызметінің жұмыстарын толықтай өз қолына алады және кештің өту барасында ұйымдастырушылармен бірге болады.

 Тақырыптық кешті туған күн, балалар мерекесінде, түрлі отырыстарда, мерейтой және үйлену тойының құрметіне өткізуге болады.

Тақырыптық кеш ұйымдастырушыларын TOi BiZNES.kz сайтынан таба аласыз. Кез келген мерекені ұйымдастыру бойынша түрлі кешенді және жекелей қызмет түрлерінің хабарландырулары жинақталған порталда өзіңізге қажеттісін таба аласыз. Сонымен қатар, тақырыптық кеш ұйымдастырушыларына өзіңіздің бағаңызды ұсынып тапсырыс қалдыра аласыз немесе сүзгіден өткізу мүмкіндігіңіз бар. Бұл баптаулардың арқасында өзіңізге қажетті қызмет түрін аз уақыт аралығында таба аласыз.