Шара ұйымдастыру -> Үйлену тойы іс-шараларын өткізу

Той ұйымдастыру – қалыңдық пен күйеу жігіт үшін ең ерекше мереке. Мерекені ұйымдастру уақыт, күш, сабырлылық, шығармашылықты қажет ететін көптеген тапсырмалардан тұрады. 

 TOiBiZNES.kz порталы іс-шара, мерекелерді ұйымдастыру жөнінен сұрақтарға жауап іздеуді жеңілдетіп, кәсіби той ұйымдастыру бойынша қызметтердің кең таңдауын ұсынады.  

Ұйымдастырушыларды таңдау кезінде неге назар аударған жөн:

  • Кәсібилігі;
  • Бірегей той бағдарламасын жасаудағы тәжірибесі;
  • Әрбір тұтынушыға жеке қарау;
  • Сапасына бағасының сәйкестігі.

Жарнамаларда той ұйымдастыруға қажетті қызметтер ұсынылған: ұйымдастыру, жоспарлау, өткізу, жұмысты бақылау.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Той ұйымдастыру жоспары көптеген бөлімдерден тұрады: шақыру қазадарына тапсырыс беру және дастархан мәззірінен бастап, есте мәңгі сақталатын той фильміне дейін. Кәсіби ұйымдастырушылар қызметі кез келген тапсырманы шешуге көмектеседі.  

Заманау той ұйымдастыру – оңай жұмыс емес. Себебі, ескі дәстүрлерді есекре отырып заманауи сәнді де қатыстырғыңыз келеді:  стиль, декор, қонақтарға арналған ойын-сауық. Өз күшіңізбен дайындалудың жақсы және жаман жақтарыда бар.

Той шарасын ұйымдастырушы сарапшылар көмегіне жүгінудің  5 себебі:

  1. Кәсібилік және тәжірибе.  Мұндай маңызды шараны тек кәсібилерге ғана сеніп тапсыруға болады. Портфолиосын қараңыз: үйлену тойын ұйымдастырудағы суреттері, тұтынушы пікірлерін бағалаңыз, кеңесіп көріңіз. Ең бастысы агентіктің қымбаттылығы немесе деңгейі емес той ұйымдастыруды талқылау кезіндегі қарым-қатынас екенін түсінуіңіз керек.
  2. Идея. Кәсіби маманның жаңа шешімдері өте көп: стиль жөніндегі ұсыныстары (тойды табиғат аясында ұйымдастыру, мейрамханаларда және т.б), ерекше бағдарлама, жүргізушілермен, эстрада, дизайнер, фото/видео түсірушілермен ынтымақтастығы өте көп.
  3. Бютжетті бөлу. Той ұйымдастыру құны талаптарыңызға байланысты анықталады. Бірақ агенттік қаржылық жоспар мен оның дұрыс бөлінуіне жауап береді.  
  4. Жеке адам қалауын  ескеру. Кәсіби ұйымдастырушы әрбір жұптың қалауы мен қажеттілігн ескереді:  мінез, ерекшеліктер, имидж, талғамы, қызықтыратын саласы.
  5. Уақытты үнемдеу. Дайындықты өз күшіңмен жасау өте қиын. Іздеу, дайындық, бақылау, қоңыраулар мен жол кездесулерді мамандар/топтарға сеніп тапсырыңыз да, уақытты өзіңізге жұмсаңыз. Оған қоса, өзіңіз ұйымдастыру кезінде жұмсаған қаражатыңыз кәсіби ұйымдастырушылар жалдау құнымен бірдей шығатын жағдайлар да бар.

Қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша сайтта көрсетілген телефондарға хабарласып білсеңіз болады