Безендіру -> Көлікті безендіру

Бүгінде той бизнес саласындағы қызмет түрлері танымалдыққа ие. Үйлену тойына арналған әрбір қызмет түрі, тойдың барынша жоғарғы деңгейде өтуіне өзіндік себебін тигізеді. Сондай қызмет түрлерінің бірі – көлік. Яғни, үйлену тойына лимузин жалдау немесе жеңіл, қымбат көліктерді жалға алу және көліктерді безендіру.

Лимузин жалдау қазіргі уақытта  елімізде танымал қызмет түрі. Және лимузинді әркім әртүрлі мақсатта жалдайды. Бірі үйлену тойына сән салтаннаттық бергісі келсе, мектеп, жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер қаланың сәулетті жерлерін аралап көңіл көтеру үшін, ал тағы біреулер перзентханадан ана мен баланы шығарып алу үшін көлік жалдайы. Тек бұл ғана емес лимузин және басқа да қымбат көлік түрлерін кез келген мейрам үшін және кез келген басқа да мақсатта жалға алу мүмкіндігі бар. Ал лимузинді жалға алу құны оның маркасына, классына және әдемілігіне тікелей байланысты. TOi BiZNES.kz сайты лимузинді жалға беретін Алматыдағы, Астана және Қазақстан бойынша танымал орталықтардың хабарландыруларын жинақтаған. Сондықтан, сайттан кез келген жағдай үшін арнайы лимузин табуыңызға мүмкіндік зор.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Лимузинді таңдау кезінде әкімшімен кеңескен дұрыс. Лимузин жалдау құны қанша, қалай бағаланады, серуен маршруты, уақытына келісу. Жалға алу кезінде қосымша ұсынылатын қызметтер. Мысалы көлікті безендіру, сусындар мен тіскебасар және т.б. Лимузинді безендіру де маңызды жұмыстардың бірі. Ол үшін сан алуан қосымшалар мен аксессуарлар ұсынылған. Және кез келген адамның көңілінен шығатын, талғамына жағатын әшекейлер, түстер табылады. Сонымен лимузинге арналған қандай безендірудің түрлері бар. Тоқталып өтейік:

  • Гүлдер. Кез келген безеніру жұмыстарын сәтті ететін қосымша деуге болады. Егер безендіруге гүлді таңдайтын болсаңыз, тек түсі мен қандай гүлдер болатынын анықтауыңыз керек. Және лимузинға дұрыс орналасуын , жинақы үйлесімді болуын қадағалауыңыз керек.
  • Лента. Безендіру үшін лента ең қолайлы және қарапайым нұсқа. Және бір ерекшелігі той картежінің бір стилде болуын қамтамасыз ете алады. Яғни, сіз қиналмастан бірнеше көліктер тобына бірдей безендіру жасап шыға аласыз. Мұнда лентаның түстеріне және дұрыс орналасуына мән берген дұрыс.
  • Неке жүзігі немесе қуыршақтар. Бұл безендірудің әмбебап түріне айналған, бірақ өз өзектілігін жоғалтпаған нұсқасы. Лимузин безендірілуінде жігіт пен қыздың бейнесіндегі қуыршақтарды, ойыншық қонжықтарды және басқа да декорлық заттарды орналастыру жиі кездесетін безендіру түріне жатады.
  • Шар. Көліктің ішін және сыртын шарлармен безендіру де сәннен қалған жоқ. Бұл безендірудің қолжетімді түрлерінің бірі. Түстерді таңдау, лентамен көмкеру тұтынушы талғамына қарай жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек те лимузинді безендірудің сан алуан түрі бар. Әрқайсысы бір-бірінен өтетін әдемі. Бірақ барлығы сіздің талғамыңызға сай жүзеге асырылады. Безендірген дұрыс, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтаған дұрыс. Безендіру жалға алынған лимузиннің немесе көліктердің сыртқы қабатынан зиянын тигізбеуі керек. Безендіруге қолданылған декорлық заттар мықты орналастырылып, тексерілуі және жүргізушіге және көліктің қозғалуына кедергі жасамауы керек. Көлікке келтірілген кез келген зақым үшін айыппұл салынатыны есіңізден шықпасын. Егер бұл ережелерді сақтайтын болсаңыз еш алаңсыз қуанышыңызды жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар.