Безендіру -> Жаңа жылдық безендіру

Жаңа жыл - әрбір адам үшін ерекше мереке, әсіресе балаларға. Мандарин иісі, шырша, жылтырақ кристалл шарлар, шамдар тізбектері  - бұның барлығы Жаңа жылдық мерекенің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады.
Бұл мереке үшін барлығы безендіруге қажетті заттар болуы  және оларды дұрыс қолдана білу керек. Пәтер, балалар бөлмесін әдемі жаңа жылдық безендіру үшін ірі қаражаттың қажеті жоқ, тек безендіруге деген тілек,  аз уақыт пен шеберлігіңізді қоссаңыз, өз қолдарыңызбен ертегі әлемін жасап шығуға болады.
Жаңа жылдық безендіруге арналған  кейбір кеңестер:

  • Баққа апаратын жолдарды жаңа жылдық безендіру – мұздан жасалған түрлі шарларды жолдың жиегіне орналастыру. Керекті заттар: шар, су, бояу және аяз.
  • Бөлме немесе үй есіктерін безендіру – жаңа жылдық венок. Картоннан жасалған шеңберге бірдей көлемдегі қағаз жолақшалар жабыстыру арқылы жасалады.
  • Қағаздан қиылған қарлар және бейнелер – кең таралған және қолжетімді безендіруге арналаған нұсқа. Қағаз қарларды терезеге жабыстырып үйдің ішкі және сыртқы көрінісін әдемілеуге болады.

Бұндай безендіру жолдары өте көп, тек жаныңызды салып кіріссеңіз болағаны. Егер уақытыңыз жоқ болса Toibiznes сайтында сізді нағыз кәсіпқой безендірушілер күтуде!

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...