TOi BiZNES.kz тауар белгісін ресми түрде тіркеді

TOi BiZNES.kz тауар белгісін ресми түрде тіркеді

Достар, жақсы жаңалықпен бөлісеміз! «TOi BiZNES.kz»  интернет порталы тауар таңбасын ресми түрде тіркеді! Біздің мақсатымыз жобаны дамыту және елімізде ғана емес, шетелде де бренд танымалдығын арттыру. Бүгінде бізді Қазақстан танып келеді. Алдағы уақытта біз халықаралық нарыққа шығуды да жоспарлап отырмыз!

Осыған орай, әріптестеріміз ұсынған тауарлар мен қызмет түрлерін жарнамалауға, мереке-думан ұйымдастырушыларға тауар және қызмет түрлерін іздеу сервисін дамытуға білек сыбана, мықтап кіріскенімізді атап өтпекпіз.

Біздің басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады – Бір шертумен ТОЙ жасау!

 

Ескертпе:

Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі №456-I Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бап, 8-бөліміне сәйкес  тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi – тауар таңбасы) – осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi;

Заңның 4-тарау, 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi.

Сондай-ақ 4-баптың 4-бөліміне сәйкес тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келiсiмiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды.