Шоу-бағдарлама -> Ұлттық ұжымдар

Қонақ күтуді ниет еткен әрбір адам ұйымдастырған мерекесінің өзінің де, өзгенің де көңілінен шыққанын қалайды. Барынша көңілді, әрі көтеріңкі көңіл-күйге толы болғанын қалайды. Бұл әсіресе, үйлену тойына қатысты. Үйленуге шешім қабылдаған жастарда, олардың ата-аналарыда тойдың жоғары деңгейде өтуіне күш салады. Ол үшін талантты асабаларды іріктейді, кең сарайдай мейрамхана таңдайды, кетің сәнін кіргізетін музыкалық топтар мен Live Band, классикалық аспабты музыкантарды іздеп, артистерді жалдайды. Соңында барлығын бір жүйеге салып тойдың шоу-бағдарламасын құрастырады. Бұның барлығы мұқияттылық пен уақытты талап етеді. Сондықтан да, үйлену тойын жасайтын отбасы той дайындығына екі-үш ай бұрын кіріседі.

 

Жоғарыда аталған той ұйымдастыру бөлімдерінің маңызды бір бөлігі артисттер таңдау. Яғни, бишілер, түрлі аспабта ойнайтын музыканттар және әншілер, көркем жанрды меңгерген адамдар тобы. Біз оның ішінде  ұлттық би ансамбліне тоқталатын боламыз.

 

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Жалпы тойдағы бидің түрлері мен әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Шоу-балет. Бишілер құрамы 3-12 дейін болатын ансамбль. Егер, оған қаржылық жағдайыңыз келмесе екі адамнан тұратын жұптар биіне, вальске тапсырыс беру мүмкіндігі бар.
  • Шығыс биі. Соңғы уақытта бір бишінің орындауындағы шығыс биі танымалдыққа ие. Шығыс биін таңдайтын болсаңыз, алдымен оның қонақтар арасында кері пікір қалыптастырмайтынына көз жеткізіп алыңыз.
  • Ұлтық би ансамблі. Кез келген тойдың сәнін кіргізетін ол әрине ұлттық би деп айта аламыз. Ұлттық костюмдегі ұл-қыздардың шабытты биі тойыңыздың көркін кіргізеді.

 

Жоғарыда аталған би түрлерін және би ансамбльдерін TOiBiZNES.kz сайтының көмегіне жүгіну арқылы таба аласыз. Сайтта ұлттық би ансамбльдерінің кең таңдауы ұсынылған. Әрбір би топтарының жеке парақшасына өтіп, тікелей хабарласып немесе өтініш қалдыру мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, бишілердің өнерін видео материаладар арқылы тамашалап, оларға қалдырған пікірлерді оқи аласыз. Сайт арқылы бұдан бөлек мейрамхана, той көйлек салондары, той жүргізушілері, жалдамалы көліктер тәрізді түрлі қызмет түрлерін көре аласыз.

Егер үйлену тойыңызға ұлттық би ансамблін шақыруды қаласаңыз мына кеңестерге назар аударыңыз.

1. Ұлттық би ансамблінің кәсібилік шеберлігі. Жалпы халықтың алдында жүргендеріне, оның ішінде той саласында жүргеніне қанша болғанын анықтаңыз. Бишілердің талантына, харизмасына, ашық-жарқындығына мән беріп қараңыз.

2. Танымалдық. Ұлттық би ансамбілі қаншалықты танымал екеніне мән беріңіз. Достарыңыздан, жақындарыңыздан сұрастырып көріңіз. Би қойылымдарының видео портфолиосын көру мүмкіндігі бар ма біліңіз? Бишілер туралы қандай пікір қалыптасқанына мән беріңіз. Тіптен би ансамблі танымал болмаса да, өз істерінің маманы, талантты болуы мүмкін екендігін де ұмытпаңыз.

3. Жалпы ұлттық би ансамблінің би қорында қанша номер бар? Ұзақтығы қанша уақытты алады? Неше биші қыз-жігіттер құралған? Биге арналған костюмдері қандай және ауыстыру мүмкіндігі болады ма? Осы сұрақтарды анықтап, жауап алып алыңыз.

4. Соңғы кезекте тойыңызда орындалатын биге тоқталып, оның бағасы қаншаға шығатынын анықтаңыз. Соңғы бағаға келісіңіз.