Шоу-бағдарлама -> Қуыршақ театры

Қандай мейрам болмасын жоғарғы деңгейде өтуі үшін күш саламыз. Әсіресе, ол сәбилердің мерекесі болса. Туған күн кеші, балабақша тәмәмдау, балалар күні тәрізді күндердің өзі дайындықты қажет  еді. Барынша қуаныш пен шаттықа толы болуы үшін ата-аналар барын салып кірісетіні де белгілі. Оның үстіне мейрамды қызықты етіп  ұймдастыруға, бүгінде мүмкіндіктер де жетерлік, қызмет түрлері де сан алуан.

Балаңыз үшін мереке ұйымдастырғыңыз келсе: қуыршақ театры, түрлі ертегі кейіпкерлері мен аниматорлар қызметін, түрлі түсті шарлар және қосымша жабдықтармен өтетін орынды безендіру, тәтті тоқаштар мен тортқа тапсырыс беру және т.б қызмет түрлері бар.  Бұл қызметтердің барлығын toibiznes.kz сайтынан таба аласыз. Бұдан бөлек, мерекені өткізу үшін мейрамхана, шағын кофехналар мен суши-барлар, кафе-кондитерліктер мен пиццерия тәрізді орындарды жалдау және тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Балалар мейрамы үшін шоу-бағдарлама, көңілді жүргізушілер, аниматорлар мен сыйлықтарды да табасыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Балалар мерекесіне көп шақырылатын қызмет түрінің бірі  қуыршақ театры. Кәсіби қуыршақ шеберлері балалардың жас ерекшелігіне байланысты қуаныш пен шаттықты, зұлымдық пен мейірімді, жақсы мен жаманды дұрыс қырынан көрсете алады. Сол арқылы бала  қызықты да, пайдалы уақыт өткізеді. Сан алуан ертегі кейіпкерлеріне жан бітіріп, қуыршақтарды сөйлету балалардың таңданысын тудырып, тамсандыратын өнердің бір түрі. Ендеше, балалардың риясыз күлкісі үшін қуыршақ шеберлерін неге шақырмасқа. Егер, сәбиіңіздің бала бақша бітіру кешіне қуыршақ театрын жалдағыңыз келсе біз беретін төмендегідей талаптарға мән беріп, кеңестерге құлақ асыңыз:

  • Қуыршақ театры кез келген балалар мейрамына сай келетін қызмет түрі. Егер қуыршақ театрын шақыратын мекен-жайыңыз қалалық жерден тысқары болса, сахналық орынды дұрыс таңдай біліңіз. Қуыршақтар үшін өнер көрсететін орынның тегіс, ашық болғаны қамтамасыз етілуі керек.
  • Қуыршақ театрын таңдағаннан кейін, топ мүшелерімен міндетті түрде орындалатын ертегіні, репертуарды және сценариін талқылап алыңыз. Жылжымалы қуыршақ театыры үшін шақырту, тапсырыс жасау қамын ерте бастан қамдаңыз. Кеңесу, ақылдасау мәселесі бойынша дайындыққа екі-үш күн бұрын кірісіңіз.
  • Мерекеге қатысатын балалардың жас айырмашылығы қандай? Ортақ қызығушықтары? Осы тәрізді сауалдарға жауап тауып, балалардың іші пыспайтындай қызықты шара ұйымдастыруға ұмтылыңыз.
  • Қосымша жабдықтар мен құрылғылар. Мерекелік шара өтетін орынды бірнеше қайтара тексеріп шығыңыз. Қуыршақ театры үшін жабдықтар мен аппараттың қажеттілігі туралы ақпараттарды  анықтап алыңыз. Егер, шара далада өтетін болса жарықпен, тоқ көздерімен қамтамасыз ету қамын жасаңыз.
  • Және де қуыршақ  театрының портфолиосына, видео/фото жұмыстарына мән беріңіз. Егер жеке сайты болса пікірлерге көңіл бөліңіз. Кәсіби шеберліктері мен танымалдығын анықтаңыз. Бұдан кейін, қуыршақ театрының қызмет көрсету құнына келісім жасаңыз.