Дастархан -> Кофе-брейк қызметі

Кофе-брейк. Егер конференциялар мен жиындарға, кездесулер мен ресми шараларға жиі қатысатын болсаңыз бұл терминнің қандай жағдайда қолданылатынын білетін боларсыз. Ұзақ уақытқа жоспарланған шаралар кезінде жарты сағаттық үзіліс жасап ұйымдастырушылар тарапынан тіскебасарлар, сусындар ұсынылады. Кофе-брейк үзілісінің жиындарда, шараларда алатын орны да ерекше. Бұл қатысушылардың шара тақырыбында әңгіме өрбітіп, жақынырақ танысуларына да септігін тигізеді.

Кез келген жиынды ұйымдастыру кезінде дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді. Арнайы бағдарлама құрылып, жоспар негізінде дайындық жұмыстары жүргізіледі. Дәл солай егер шара бағдарламасына кофе-брейк қосылатын болса, оған бөлек дайындық жасау керек. Жиын, шара өткізіліп жатқан жерде немесе жақын көршілес залда ұзын фуршет үстелі қойылып дәмді тіскебасарлар, ыстық кофе және басқа да суысындар қойылады. Тіскебасарлар ұйымастырушылар талғамына қарай немесе қонақтар қатарына қарай таңдалынанды. Жалпы тіске басарлардың сан алуан түрі бар. Егер шара өтіп жатқан уақытта екі рет кофе-брейк жасалатын болса, әр үзіліс уақытында әр түрлі мәзірді қолдануға болады. Яғни, бірінші рет үзіліске шыққан қонақтар қауымы тіскебасардың 8-10 түрінен дәм татса, екінші үзілісте дәмді десерттер, тоқаштардан дәм тата алады. Бұл әрине әрбір шараның бағдарламасына, жоспарына сай өзгеріп отырады.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Кофе-брейкті ұйымдастыру ісі оңай болып көрінгенімен, өзіндік машақаты да бар. Әдетте фуршет жасау ісімен жылжымалы банкет ұйымдастырушылары айналысады. Олар сіз шақырған кез келген орынға барып, орналастырып, сонымен қатар қызмет көрсетіп береді. Ұйымдастыру кезінде төменде көрсетілген кеңестерді ескерсеңіз болады:

1. Шара бағдарламасына кофе-брейк қосылған болса, жиын өтетін залдан бөлек орынды таңдау қамына кірісіңіз. Егер жиын көп адамға арналған болса фуршет үшін жеке бөлме қарастырыңыз. Ал шағын адамдар тобына арналса сол залдың бір бұрышынан орын бөле аласыз. Одан бөлек жиынның VIP қонақтары болатын жағдайларды да ескеріңіз. Ондай жағдайда тағы бір бөлме қарастыруыңызға тура келеді.

2. Жалпы кофе-брейкті дайындаумен арнайы жылжымалы банкет ұйымдастырушылары айналысады. Қызметті таңдау кезінде аса мұқият болыңыз. Міндетті түрде ұйымдастырушылардың алдыңғы жұмыстарын көріп, бағалаңыз. Кәсіби шеберліктері мен тәжірибелеріне мән беріңіз.

3. Ресми кездесулер банкетіне ас мәзірін таңдау кезінде қонақтардың дәрежесіне, лауазымдарына мән беріңіз. Тіскебасарлар мен тәтті десерттерді таңдау кезінде мұқият болыңыз. Сонымен қатар, фуршеттің безендірілуіне, ыдыстардың әдемілігіне де мән беріңіз. Жалпы дастарғанға қойылған әр астың, ыдыстың әдемі көрінуіне, дұрыс орналастырылуына көңіл бөліп, ұйымдастырушылармен кеңесіп алыңыз.

4. Кофе-брейк ұйымдастырушыларының тарапынан ұсыналытын даяршылардың әдемі киім үлгісінде болғанын, дұрыс қызмет көрсетуін қадағалаңыз. Қонақтар көлеміне қарай даяршы санын да жеткілікті етіп жалдаңыз.

Дұрыс ұйымдастырылған кофе-брейк ресмилікті ұмытып, еркін әңгіме арасында серігіп алуға таптырмас мүмкіндік.