Шоу-бағдарлама -> Иллюзионистер, сиқыршылар

Әдетте, «сиқыр» сөзінің өзін балалармен байланысты көреміз. Дегенмен, бүгінгі мүмкіндіктер заманында бұл тек қалыптасып қалған пікір ғана. Оның үстіне қазіргі уақытта сиқыршылардың өнері жоғары бағаланып жатады. Иллюзионистер өз аудиториясымен тығыз қарым-қатынас жасап, көрермен назарын ұстап тұра алатын, жарқын таланты мен дарыны бар, харизмасымен еліктіре алса кез келген көрерменін баурап ала алады. Қазір, кез келгеніміз  мейрамға келген қонағымыздың тамсанып қайтақанын қалаймыз. Ал, сиқыршы оған бірден бір себепкер бола алады.

Сиқыршы және иллюзионисттер қызметін TOiBiZNES.kz сайтының көмегіне жүгіну арқылы таба аласыз. Сонымен қатар, жеке паракшасына өтіп, хабарласуға, фото/видео материалдарын көруге мүмкіндік аласыз. Бұдан бөлек сайтта өзіңіз ұсынатын қаражат көлемін көрсетіп қызмет түріне іріктеу жасай аласыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Сиқыршы/көз бояушы қызметін таңдауға келгенде барынша мұқият болыңыз. Ол үшін ең алдымен сиқыршы көрнісінің жобалы түрде форматын анықтап алыңыз. Және де мына кеңестерге мән беріңіз:

  1. Сиқыршы/иллюзионист суреттерін көріп шығыңыз. Фото суреттерді көру барысында мереке барысындағы суреттерге мән беріңіз. Көрніс кезіндегі конақтар реакциясы, көңіл күйі қандай, ондағы атмосфера, сахналық киімдеріне мән беріңіз.
  2. Сиқыршы/көз бояушы видео түсірілімдерін көріп шығыңыз. Аудиториямен қарым-қатынас, іс-әрекеті, бет-әлпеті, таланты мен харизмасына назар аударыңыз.
  3. Сиқыршы/көз бояушы туралы пікірлерді оқып шығыңыз. Сайтта, әлеуметтік желілерде сиқыршы қызметі туралы қалдырған пікірлерді оқу мүмкіндігі ғана емес, сол адамдармен тікелей сөлесіп қандай кемшіліктері мен артықшылықтары бар екендігін біле аласыз.
  4. Сиқыршы бағдарламасына не кіреді? Бағдарламаға тек сиқырлар жиынтығы ғана кіреді ме? Әлде музыка, қонақтарды қатыстыру, әзіл және т.б аудиториямен қызықты қарым-қатынас болады ма анықтап алыңыз?
  5. Сиқыршы/көз бояушы кәсіби шеберлігі. Бұл саламен айналысқанына қанша уақыт болды? Балалар туған күніне сиқыршы, үйлену тойына сиқыршы болып өнер көрсетіп жүргеніне қанша болды анықтап алыңыз?
  6. Сиқыршы қызметі қашанда сұранысқа ие. Егер көз бояушы танымал әрі талантты болса сұранысқа ие болады. Сондықтан да, уақыты мен орны жөнінде келісіңіз. Үлгермесеңіз күніне тапсырыс жасап қоюға тырысыңыз.

Сиқыршы қызметін Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да қалалары бойынша тапсырыс бергіңіз келсе TOiBiZNES.kz сайтынан таба аласыз. Қаржылық мүмкіндіктеріңіз бен талғамыңызға сай кез келген көрініске келісім жасай аласыз. Көрініс жоспарына керек жағдайда толықтыру немесе өзгеріс енгізу мүмкіндігіңіз де бар. Ең бастысы мерекенің ерекше өтуі және есте қалуы.