Шоу-бағдарлама -> Экзотикалық шоу

Үйлену тойын ұйымдастыру қамына кіріскенде, көбіміздің нақты жоспарымыз болмайтыны анық. Сондықтан болар, дайындық басталғанда өзге адамдардың кеңесін, пікірін тыңдауға жақын боламыз. Бірақ қай қайсымыздың болмасын ойымызда «жақсы өтсін» деген ниетіміз бар, армандап жүрген той жоспарлары бар. Ең маңыздысы да сол. Үйлену тойын өткізуге шешім қабылдасаңыз барынша өз ойыңыздығы жоспарыңызды жүзеге асыруға ниеттеніңіз. Өміріңізде бір рет орындалатын қуаныштың қалай өту керектігі тек өзіңізге мәлім. Ата-ана, туыс-туған пікірін тыңдау қажет, дегенмен барлығын өзіңіздің қолыңызға алыңыз.

Үйлену тойын ұйымастыру көпшілік айтқандай қарапайым жұмыс емес. Өзіндік ерекшеліктері мен мән беретін тұстары бар. Мысалы, ұйымдастыру жұмыстарына уақытында кіріспесеңіз қалаған қызмет түрлерін немесе топтар, Экзотикалық шоу мен той өткізетін орыннан бас тартуыңызға тура келеді.  Сондықтан да, той қамына екі-үш ай бұрын кіріскен дұрыс. Ал уақыт үнемдеудің ең қолжетімді жолы ғаламтор көмегіне жүгіну. Мысалы сіз, бір ғанаTOi BiZNES.kz сайтының көмегі арқылы бір мезетте бірнеше қызмет түрлерін таңдай аласыз. Сізге әр мекемені аралап немесе әкімшілермен кездесіп жүрудің қажеттілігі туындамайды. Мерекені ұйымдастыру бойынша қажетті қызмет түрлерінің барлық түрі табылатын сайттан пікірлер, фото/видео портфолио арқылы  өзіңізге ұнағанын таңдай аласыз. Және әр қайсын араламай,  тек талғамыңыздан шығып іріктелгенін көру мүмкіндігіңіз болады.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...

Үйлену тойына ерекше етіп ұйымдастыру барлығымыздың қалауымыз. Соның ішінде «ерекше» деп айтуға тұрарлығы Экзотикалық шоу. Экзотикалық шоу – бұл ұмытылмас әсер, көтеріңкі-көңіл күй, эксклюзивті номерлер мен кәсіби шеберлік және әрине әдемі костюмдер. Үйлену тойыңызда нағыз шоу көрсеткіңіз келсе, бұл таптырмас ой. Экзотикалық шоуды ерекше жанр ретінде қарастырсақ оның тойға ұсынары көп. Сонымен тапсырыс жасау үшін неден бастау керек:

  1. Үйлену тойыңызға қандай өнер иесін шақыратыныңызды анықтап алыңыз. Үйлену тойына келетін қонақтардың көңілін экзотикалық шоуға кіретін қай жанрдың артистері көтере алады немесе қызықты ете алады? Соған орай  өз таңдауыңызды жасаңыз.
  2. Бірнеше жанрды іріктеп ішінен ұнағанын таңдауға тырысыңыз. Таңдалған топтың қызметімен тікелей танысып, хабарласып уақыт, құны және орындалатын номер жоспарын талқылаңыз.
  3. Артисттерді таңдағаныңызбен сіздің мерекеңіз үшін қандай номер қызықты болатынын немесе тақырыптық жағынан сай келетінін білмеуіңіз мүмкін. Алайда мұндай жағдайда артисттер өздерінің ұсыныстарын айтып,  ұсынылған бағаға сай номерлерін көрсете алады және ыңғайлай алады.

Экзотикалық шоу көптеген жанрды қамтиды. Бұл шоудың қамтитын аумағы кең болатындығын аңғартады. Мысалы, ол – биші қыздардан құралған экзотикалық би топтары, экзотикалық жануарлармен арнайы номер, отты би, барабан шоу, жанды мүсіндер және т.б көптеген басқа да экстремалды  жанрларды қамтиды.