Дастархан -> Тамақ жеткізіп беру

Тағам жеткізу қызметінің пайда болуына байланысты кеңседе немесе үйде ешқандай күш салмай-ақ дәмді тағамдар жеу мүмкіндігі туды. Технологиялардың дамыған заманында бірнеше батырманы басу арқылы кез келген тағам түріне онлайн тапсырыс беруге болады. Тағамды таңдап, мекен-жай мен телефондарды енгізіп, тапсырысты растау үшін қоңырау күтсеңіз болғаны. Бір сағат ішінде ыстық тағам сіздің алдыңызда тұрады.

Тағам жеткізудің артықшылықтары:

  • Үнемділік және ыңғайлылық- тапсырыс беру арқылы сіз уақытыңыз бен күшіңізді сақтай аласыз;
  • Қымбат емес баға – мейрамханаға келіп тамақтануға қарағанда, үйге алдырту құны арзан тұрады.
  • Таңдаудың молдығы – әр түрлі ас үйлер ішінен (қазақы, орыс, европалық, азиаттық) таңдауға боалтын тағам міндетті түрде табылады.
  • Тәулік бойына қаланың кез келген нүктесіне тағам жеткізу мүмкіндігі.

Оған қоса тағам жеткізу қызметін ұсынатын кафе, мейрамханалар туған күн иесі, қомақты қаражатқа тапсырыс бергендер және тұрақты тұтынушылары үшін қашанда кең көлемді бонустар қарастырады. Туған күн, корпоратив кезінде кеңсеге тағам жеткізу қызметін пайдалану ұтымды. Себебі, көптеген компанияларда қомақты қаражатқа тапсырыс бергендер үшін тегін жеткізу қарастырылған.

Toibiznes сайтынан қаланың кез келген нүктесіне жылдам жеткізу қызметін ұсынатын мейрамханалар мен кафелердің ұсынстарын таба аласыз.

<< Читать далее >>

Последние записи из блога

«Девичник» - құрбылар кеші

2017-11-10

Бастауын Ұлыбританиядан алған той алдындағы қалыңдықтың құрбыларымен бас қосу кеші, бүгінде Қазақстанда сәнге айналып барады. Ерлер қауымынан қалмауды ойлаған нәзік жандылар, бойдақтықпен қо...

Бойдақтықпен қоштасу

2017-11-09

Өмірде сүйген жарын жолықтырып, отбасын құруға бел буған жігіттер қауымы мен тұрмыс құрып бір шаңырақтың ұйтқысы болуға шешім қабылдаған қыздар қауымы отбасылық өмір алдында өздерінің бейқам...

Мерейтой

2017-09-20

Үйлену той күні – ғашық жандардың махаббаттарын нығайтып, бақытты отбасы құруға деген алғашқы қадамы. Сондықтан да болар бұл күн бір, екі, тіпті он бес, жиырма жыл өтсе де ең жарқын кү...