Кез келген сәби үшін туған күн – ол ерекше мереке. Ғажайып пен ертегіге сенетін, сиқыршы мен жағымды кейіпкерлердің іс-қимылына тамсана қарайтын балалар қауымы үшін туған күн кешін ұйымдастырудың өзі шығармашылық ізденісті талап етеді десек артық болмайды. Сондықтан да болар, ата-аналар сәбиінің сарыла, күн санап күткен туған күнін ерекше өткізгенін қалайды.
Балалар туған күніне арналған шоу көбіне түрлі жанрларды қамтиды. Мұнда артистердің өзі де акробатика, сиқыр, цирк жанрларын менгерген. Бұдан бөлек шоу – бағдарлама балалармен интерактив, музыка, би, қойылым, техникалық құралдар көмегімен орындалатын түрлі көрсетілімдер жасай алады. Балаңыздың туған күнін арнайы шоу-бағдарламамен атап өткіңіз келсе TOiBiZNES.kz сайтының көмегіне жүгіне аласыз. Балалар туған күніне арналған шоу арқылы тек сәбиіңіз ғана емес, сонымен қатар, кішкене қонақтарыңыз да көңіл-көтеріп, есте қаларлық көңілді кеш өткізетіні анық. Балалар шоуын ұйымдастыру бойынша сайтта көрсетілген хабарлмалар тізімі арқылы өзіңіздің көңілінен шыққанын және қаржылық мүмкіндіктеріңізге сай келетінін қызмет түрлерін таңдай аласыз. Сондай-ақ, сайттан жекелей қуыршақ театрлары, аниматорлар, көпіршіктер қойылымы, сиқыршы/көз бояушы қызметтерін де таба аласыз.