Жаңа туған нәрестені тымаққа салу

Жаңа туған нәрестені тымаққа салу

Бұрыңғы заманнан бері қазақ халқы келешек ұрпақтың болашағы жақсы болуына және бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Ұрпағының аман сау жетілуі үшін түрлі тиымдар мен дәстүрлерге жүгінген. Сол себепті болашақ ана болайын деп жатқан келіннің денсаулығына, оның туған туыстары, жақындары қатты мән берген. Оған ауыр жұмыстар жасатқызбаған. Дұрыс тамақтандырған. Кейбірде, жақсы күтімге қарамастан, аяғы ауыр болған келін, мерзімінен ерте босанып қоятын болады. Бұндай жайттар қазіргі таңда да жиі кездеседі. Бұл құбылыстың мәнін дәрігерлер, қазіргі жаңа технологиялар заманында да толықтай меңгерер емес. Ерте туылған нәрестерлер, уақытында туылған сәбилерден қарағанда әлсіз болады. Бұндай балаларды қазақ халқы «шала», немесе «шала туылған бала», деп атаған. Біздің ата-бабамыз ерте туылған балаларды тымаққа салып қоятын.

Тымаққа салу ертеден келе жатқан дәстүр болып есептеледі. Ел арасында шала туылып тымаққа өсірген перзентім деген сөздер жиі айтылған. Тымақ - қазақ халының ұлттық бас киімі болып есептеледі. Тымақ малдын немесе жабайы аңнын терісінен тігіледі. Тымақ жылулықты сақтайды. Сол себептен сәбиді осы бас киімге біздің ата бабамыз салған. Тымаққа салудың пайдасы қазіргі күнде медициналық тұрғыда дәлелденген. Тымақты сәбимен бірге керегеге ілетін. Нәрестенің тымақта болуы, оның туылған мерзіміне байланысты болады. Мысалы 30 күнге ерте туылса, сонша күн тымаққа салынады. Әдетте сәбиді көп өмір сүрген, даналы қарияның тымағына салып қоятын. Шала болып туылып, тымақта жатқан нәрестенің анасына да қатты мән берілген. Дүниеге бала әкелген, кез келген әйелдің денсаулығында өзгерістер болады. Сондай кезде сәбидің анасына да, жақсы күтім жасалады. Оның денсаулығына пайдалы болатын нәрлі тағамдар істеп беретін. Атала мен быламық дайындайтын. Атала - дегеніміз айраннан, ұннан және судан істелінетін тағам. Быламық деген ботқаның бір түрі. Жоғарыда айтылып кеткен тағамдардан басқа, сүттен жасалынатын тамақтарды пісіріп береді. Себебі сүті бар тағамдарда дәрумендер көп болады. Бұндай тамақтар адамның бойына күш қуат береді, босанған жас келіндердің жиналуына көмектеседі. Кейін денсаулығын түзеп алған ананың сүті жаңа туылған нәрестеге де, жақсы әсерін тигізеді. Ана сүті арқылы бала ет жинап, салмақ қосып, тәуірлей бастайды. Сәби тәуірленген соң, оны тымақтан алып бесікке жатқызатын болған. Сосын нәрестенің жақындарын шақырып «бесік тойын» жасаған.

Егерде балаға қатысты салт-дәстүрлерді білгіңіз келсе, біздің сайтқа кіріп, мақалалар бабын ашып қарасаңыз болады. Балаға байланысты бірнеше пайдалы, әркімге болашақта керек дәстүрлерді, салттарды, әдеп-ғұрыптарды тауып, оқи аласыз. Мүмкін болашақта біздің сайттағы салт дәстүрлер жайлы ақпараттар, сізге де керек болып, өз пайдасын тигізетін шығар.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі