Қыз бен жігітке қойылатын талаптар

Қыз бен жігітке қойылатын талаптар

Қазақ халқының некелесу дәстүрінде, келешек жұбайларға, ерлі зайыптыларға қойылатын талаптар болады. Себебі қыз бен жігіт, келешекте  берекелі отбасы құрғысы келсе, өздерін жақсы жағынан көрсете білулері керек. Кейін олар қойылатын талаптарды орындаса, отбасы құруға жеңіл болады. Бұл талаптарды орындауға қыз бен жігіттің әке-шешелері, аға-жеңге, туған туыстары, қандастары, жақындары мән беріп, оларды тәрбиелейді, ақылдарын айтады, кеңестерін береді, кемшілігін түзейді.

Қыз балаға әдепті болып өсу үшін қырық үйден тиым асу салынса, ұл баланың да ардақты азамат болып қалыптасуына отыз үйден тиым салынатын салт бар. Келешек келінге қойылатын басты талаптар: оның кең мінезді, үлкен – кішіні сыйлауы, дінді қастерлеуі, ерін сыйлауы, ұятты, ұқыпты, шебер, пысық болуы басты көрсеткіштер болмақ. Келіннің сөзінен де, өзінен де, барлық іс бітіп тұру үлкен талап болып табылады. Келіннің салақ болуын ешқандай отбасы каламайды. Сол үшін шешесі қызын, ерте жұмыс жасатқызып, мал саудырып, ас дайындатып тәрбиелейді. Шешелері қыздарына  «басқа елге барғанда түк көрмеген тексіз сияқты болма» деп нақыл сөздер айтады..

Ұлдың тәрбиесі әкесінің құзырында болады. Сол үшін ұлына ең әуелі, өзі істей алатын әкесінен, туыстарынан үйренген істерді үйрете бастайды. Ұлға қойылатын талаптар мынадай болады: оның өжет, алғыр, батыл, ержүрек, қайсар, төзімді, сергек, зерек, ақылды болуы, қолынан іс келетіндігі талап етіледі. Қысқартып айтқанда жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болуы тиіс. Бұрыңғы кезде жігіт адам бес түлік малдың, қыр-сырына қанық, олардың бағын күте білетін, аңшылық, егіншілікті де меңгеру керек болатын. Себебі  қазақтар аңшылыққа, мал шаруашылығына қатты көңіл бөлгендіктен, балаларын жастайынан аңға ертіп жүріп, далада қонып, бүркітпен, басқадай кішірек, қыран құстармен аң ұстап, ертерек атқа мініп, мал бағуға үйреткен. Кем дегенде малды сою, етін бұзу, мал жабдықтарын істеуге үйреткен. Бастысы күйеу болып қайын жұртына барғанда ет кесе алмаса, мал соя алмаса үлкен сөгіс алады. Әкесі ештеңе үйретпеген, қолына түк келмейді деп ауыр сөздер айтатын. Бұл жігітің әулетіне таңба болуы мүмкін. Жігітке нағашы жұрты көп өнер үйретеді. Қыз бен жігітке қояр талаптар, тіршілік тұрмыс талабына сай әр түрлі келеді. Бастысы жоғарыда баяндалғандар болмақ. Бұл бұрыңғы талаптар, жаңа заманға сай, өзгеруі даусыз.

Қазіргі таңда жігітке қойылатын талаптар: білімді болуы, жақсы жұмысқа орналасуы, көбірек ақша табуы. Ал жоғарыда айтылып өткен талаптар бұрыңғы кезге сай болатын. Қазіргі кезде көбісі қалада тұрғандықтан, мал сою білесің бе, аң ұстай аласын ба деп ешкім сұрамайды. Сол сияқты қыз жігіттерден, уақыттың өзгеруіне қарамастан, негізгі төрт талаптар қойылмақ. Оларға ата тегінің тектілігі, ақыл парасатты болуы, іскер өнерлігі, сымбат көркі, жақсы мінезді болуы керек.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі