Сыңсу

Сыңсу

Халқымызда  тұрмыс-салт  жырларының  ең  көп  тарағандарының  бірі  –  сыңсу. Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын-туғандарын аралайды. Былайша айтқанда, қоштасады (бірақ бұл дəстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын аралап жүрген қыз жəй жүрмейді. Ол өзінің балалық дəуренінің, оң жақта бұлғақтап өскен  бақытты  күндерінің  өткендігін,  аяулы  ата-анасының,  туысқандарының  өзін мəпелеп  өсірудегі  еңбегін  өлеңге  қоса  жүріп  қоштасады.  Ондай  өлең-жырды  сыңсу дейді.

Базардан келген құйысқан

Тарамай шашым ұйысқан.

Келіп-кетіп жүріңдер,

Сағындырмай туысқан, – 

деп өзінің өтінішін де айта жүреді. Қыздың  сыңсуы  –  жарасымды  əрі  тəрбиелік  мəні  бар  салтанатты  салт.  Бұл адамгершілік, əдептілік жағынан алғанда да өте орынды дəстүр.

 

Бүгінде сыңсу айтудың формасы өзгерсе де, мән-мазмұны өзгерген жоқ. Мына сілтемеден сыңсу айтуға тапсырыс бере аласыз.

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.