Күйеу жігіттің тойға дайындығы

Күйеу жігіттің тойға дайындығы

Халқымыз үшін той өткізу қашан да абыройлы іс болып есептелген. Ұлы ер жетіп, азамат болып, өз отбасын құруға шешім қабылдауы ата-ананың ерекше қуанышы. Өмірлік жарын таңдап ұсынысын білдіргеннен кейін нағыз той қамын жасау қарбаласы басталады. Бірнеше сатыдан тұратын үйлену дәстүрінің ең алғашқы рәсімі құда түсу. Күйеу жігіттің отбасына сыйлы кісі таңдалынып, жанындағы бірнеше туыстарымен қалыңдыққа құда түсуге барады. Бұл рәсім екі отбасының өзара келісімімен орын алады. Құда түсіп, екі жақ келісіп, той өткізуге ыңғайлы күн таңдалғаннан кейін той дайындығына кіріседі. Той өткізудің азабы да аз емес, ғажабы да жетерлік. Сол үйлену тойына күйеу жігіт қалай дайындалуы керек, барынша қамтып жеткізіп көрейік. Ендеше кеттік!!!

Құда түсу рәсімі өтіп, той күні таңдалғанан кейін, отбасының қарбаластары басталады. Осы кезде сіз (үйленетін жігіт) қуанышты бөлісетін туыс-туғандарыңыздың дос-жарандарыңыздың тізімін жасап, санын біліп алғаныңыз жөн болады. Бұл әрине отбасыңызбен бірге жасалатын жұмыс. Келетін қонақтардың санын білу той орнын таңдау үшін маңызды. Келесі қадам Неке сарайын таңдауды бастаңыз. Егер неке куәлігін дәл той күні қолыңызға алғыңыз келсе алдын ала алатын күніңізге орай АХАТ бөліміне тапсырыс бергеніңіз жөн. Айта кететін бір жайт, той дайындығын бастағанда куәгер болатын жігіт жолдасты таңдап ескертіп қойғаныңыз жөн болады. Себебі, ол да той дайындығына кірісуі керек.

Келесі қадам той орыны – тойхананы таңдап, тапсырыс беру. Егер тойңыздың күні жаз немесе күз айларында болса мейрамханалардың бос болмай қалатыны белгілі. Сондықтан, сенімді болып жүру үшін қонақ саны бойынша өзіңіз қалаған тойхананы таңдап, келісіп қойғаныңыз жөн. Тойдың жақсы өтуіне ең басты себепкер асаба және шоу-бағдарлама екені белгілі. Сол себепті асабаны жаңылмай жақсысынан таңдаңыз. Себебі сізге тойды жақсы өткізуге басқа мүмкіндік берілмейді. Үйлену тойына бір ай қалғанда тіпті одан ертерек асабамен келісіп той бағдарламасын ұйымдастыруға кірісіңіз. Шоу-бағдарлама, әнші-бишілерді таңдап келісіп қою керек. Фото-видео түсірілім жасайтын операторларды да іздеуді ұмыт қалдырмаңыз. Өз істерінің шеберін таңдау үшін операторлардың жасаған жұмыстарын көріп алсаңыз да болады.

Күйеу жігіттің тойға дайындығыКелесі кезекте қалыңдық пен күйеу жігіттің салтанатқа арналған киімін дайындау. Жігіт костюм-шалбарын, аяқ киімін, галстук сияқты керектілерін түгендеп қоюы керек. Бұдан кейін шақырту қағаздарын таңдау және арнайы шақырту қағаздары мен баннерге арналған фотосессия жасау керек. Дайын болған соң, шақырту қағаздарын бір ай қалғанда таратып қойған жөн. Себебі, қонақтар да той күніне жоспар жасамай, дайындалуы керек. Той кезінде жастардың серуенге және шеруге шығатын көліктерін дайындап, тапсырыс беру. Көліктерді сәндейтін мекемелермен келісу немесе сәндеуге керекті ұсақ-түйектерді сатып алып қою керек. Тойға бір-екі күн қалғанда киімдеріңізді тағы бір рет тексеріп, қалыңдықтың гүлін алып, серуенге шықанда алатын жеңіл тамақтар мен сусындарыңызды дайындап қойыңыз.

Тойға дейін жасау керек барлық жұмыстарды айтып өттік деп ойлаймыз. Ендігі кезек тамада, тойхана, операторларға той күні жақындағанда хабарласып тойды ескертіп, өзгерістер болса енгізіп келісіп қойыңыз. Дайындықты ертерек бастауға кеңес береміз. Бұл той күні ешнәрсеге алаңдамай ойдағыдай өткізу үшін маңызды. Ендеше той дайындығына кіріссеңіз болады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.