Қалыңдықтың дайындығы

Қалыңдықтың дайындығы

«Қыз» сөзінің өзі әдемілік, инабаттылық, нәзіктік, ізеттілік сияқты бірқатар сұлулықты сипаттайтын сөздерімен астарласады. Халқымыз отбасындағы қыз балаға кішкентайынан ерекше көңіл бөліп, мәпелеп, көрікті, ізетті асыл жан етіп өсірген. Қыз баланы сыйлап құрметтеу, ар-намысын жоғары қою қазақ халқының бойына сіңген қасиет.

«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі». Отбасының асылы, қазынасы уақыт өте келе бой жетіп бөтен босағаны аттап, өз отбасын құрып, шаңырақтың ұйтқысы болатын уақыт жетеді. Оң жаққа отырғызып қонағындай сыйлап өсірген қызын өзге отбасыға, жат жұртқа жіберу ата-анаға қашанда оңай тимеген. Сондықтан да, кішкентайынан «Сыйлай білсең, сыйлы боласың» деп қарттарды құрметтеп, кішіге ізеттілік танытып, үй шаруасына, берекесіне баулып өсіреді. «Қызына жақсы тәрбие беріпті» дегенді есту ана үшін үлкен бақыт екені анық. Сонымен қатар, аяулы жар атанып, ана болу әрбір қарагөз қазақ қызының арманы екені анық. Отбасының еркесі болып өскен қыз, өмірінде бір рет қана болатын той салтанатының өз ойындағыдай ерекше өткенін қалайды. Ендеше қыз баласының тойға дайындығы қалай басталып, қалай өтетініне тоқталып кетейік.

Қалыңдықтың дайындығы«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші сүйгенінен ұсыныс түсіп, құда түсіп, сырға салғаннан кейін нағыз қарбалас басталады. Сондықтан да, той күні ақылдасып шешілгеннен кейін екі-үш ай бұрын той дайындығына кіріскен жөн болады. Той өтетін орын, шақырту қағаздары, арнайы фотосессия, тамада, ойын-сауық жоспары, той бағдарламасы. Бұдан бөлек қалыңдықтың той көйлегі, бет әрлеу (макияж), шашын сәндеу сияқты ұсақ-түйек шаруалардың өзі уақытты қажет етеді.

Тойдың жақсы өтуіне бір себепкер ол әрине той өтетін орын, яғни мейрамхана. Оның ішкі көрінісі, сыйымдылығы, ішкі безендірілуі, жастар жайғасатын той төрінің әдемілігі де көңіл күйге әсер етеді. Салтанаттың жақсы өтуіне себепкер – асаба мен той бағдарламасы. Сәтімен таңдалған тамада той иесіне басты кеңесші бола алады. Қыз ұзатуда қалыңдықты мейрамханаға кіргізу, шығарып салу рәсімдері, шоу-бағдарламаларын өзіңіз қалағандай етіп өткізу үшін немесе отбасыңызда алғаш рет той жасап, не істеу керектігін білмей жатсаңыз асабаның көрсететін қызметіне толықтай сенім білдірсеңіз болады.

Келесі қадам шақырту қағаздары мен фотосессияда. Қазіргі заманда «Ұзату тойымыздың құрметті қонағы болыңыз» деген алақандай қағаздың өзінің сан алуан түрі бар. Оған қоса, той иелері жақындары үшін қалыңдықтың әдемі безендірілген суретімен шақырту жібереді. Заман талабына байланысты тойханаларда әсем безендірілген, жастардың суреттерімен, есімдерімен баннер қою да сәнге айналып жатыр.

Қалыңдықтың арманы әппақ қардай ақ көйлек кию. Той кезінде ең әдемі той көйлекпен, сәукелемен қор қызындай болып жүру қыз біткеннің араманы.  Дегенмен, сол армандаған той көйлекті табудың өзі бір ғанибет. Оны да бір ай бұрын іздестіріп, тапсырыс беріп не сатып алып қою керек. Оған қоса, қыз баласы болғандықтан бет әрлеуге (макияж) алдын ала жазылып, тырнақ, шаш сақина-білезігіңізді дайындап қою да маңызды. Ең бастысы той күніне бір-екі күн қалғанда қалыңдықтын гүл шоқтарын алдыртып қою қажет.

Отбасыңызда алғашқы той болып неден, қалай бастарыңызды білмесеңіз ең бірінші ғаламторды көмекке шақыратыныңыз да айдан анық. Ендеше, бұл мақаламызда біз де той иелеріне бір көмек көрсетіп кетейік. Егер сіз той өткізуден еш хабарсыз болсаңыз немесе уақытыңыз тым тығыз болатын болса тойбизнес.кз сайтына бір көз жүгіртіп өтіңіз. Сіз ол жерден қашанда көңіліңізден шығатын, қалтаңыз көтеретін сан-алуан қызметтерді таңдап ала аласыз. Тойхана, тамада, той көйлектерінің салонын, безендірушіні тіпті шақырту қағаздарын жасайтын орындарды туыс-туғандарыңыздан сұрастырып не өз бетіңізбен іздестіру, сіздің қажыр-қайратыңызды алатыны белгілі. Оның үстіне ата-ана ретінде дайындау керек кәде-сыйлар, қыз жасауы тағы бар. Жоғарыда атап өткеніміздей сіздің ең алғашқы көмекшіңіз ол - тамада. Сондықтан, оның ұсынатын шоу-бағдарламалары, фото және видео операторлары және т.б қызметтері сізді өз тойыңызда қонақ болып жақсы көңіл-күйде болуыңызға себепкер болады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.