Өңір салу

Өңір салу

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әрбір жөн-жоралғының мән-мағынасы және де астарында үлкен ой жатыр. Әрбірінің орындалатын орны, уақыты, өз ережесі бар. Мысалға, үйлену тойының өзін ғана алатын болсақ, оның өзі бірнеше сатыға бөлінген салт-дәстүр, рәсімдерден тұрады. Оның әрқайсысы той барысында өз ретімен, орнымен орындалуы керек. Бүгінгі біздің заманымызда ескілікте қалып қойған салт-дәстүрлер бар. TOiBiZNES.KZ сайтында ұмытылып кеткен, бүгінде орындалмайтын, өзгеріске ұшыраған, сақталып қалған дәстүрлер жайында ақпараттық мақалалар алаңы бар. Бұл сіздің салт-дәстүрлер туралы қорыңызды толықтыра алады. Бүгін осы мақалалар қатарын толықтырып «өңір салу» жоралғысы туралы баяндайтын боламыз.

«Өңір салу» - қазақ халқының дәстүрлерінің бірі. Бүгінгі күнге дейін сақталғанымен тек кейбір өңірлерде ғана орындалады. Саты-сатыға бөлінген той дәстүрлерінің ішінде бұл рәсім тойдан кейін орындалады. Келін түсірген үйге әулеттің үлкен-кіші әйелдер қауымы шашу шашып келеді. Жалпы өңір салу кәде-сый беру жоралғыларының тізіміне кіреді. Салттың негізгі мағынасы жас құрылған отауға қамқорлық жасап, сый құрмет көрсету, яғни аз да болса тұрмыстық жағдайға көмек беру. Оның ішіне: көбінесе тұрмыстық заттар, қыз балаға арналған бұйымдар, киім-кешек және т.б дүние әкеледі. «Өңірге» - әркім өз қолында барын, жағдайы жететін затын әкеледі, жағдайы болмаған жағдайда ырым қылып үкі, бүркіт тұяғын да әкеледі. Кей өңірлерде  өңір салу – «есік ашар», «үй көрсету» -деп аталып дәл осы тәртіппен орындалады.

«Өңір салу» дәстүріне келген әрбір қонақты қазақ халқының қонақжай, жоралғысына сай малын сойып қарсы алып, дастархан жайып қонақ қылып қайтарады. Бұнда ең маңыздысы келген әрбір қонақтың риза болып қайтуы. Рәсім соңында келіннің әкелген қоржынына сарқыт ретінде таратылып, шыт көлемінде бөлінген бұлға түйіліп беріледі. Бұл жұғысты болсын деген ырымды білдіреді. Осылайша өңір салу салты орындалады. Қазақ халқының қай дәстүрін алып қарасаңыз да астарында үлкен бір тәрбиені, астарлы ойды дәріптейді. Жас отауға тез аяққа тұрып, ел қатарына қосылып кетсін, жаңа түскен келіннің жоғы көбейіп, ешкімге алақан жайып қалмасын деген ниетті осы жоралғының туындауына себепкер болған. Бұл да қазақ халқының ертеден-ақ қамқор, дана, ақкөңіл болғанын көрсетеді.

Халқымыздың қалыптасу жолында бірге жетіліп, салт-дәстүр ретінде еліміздің болмысын көрсететін бұндай жөн-жоралғылар көптеп кездесетіні белгілі. Бірі бізге дейін жетіп, қазіргі күннің өзінде қолданысымыздан шықпай отырса, бірі ертеден-ақ ұмытылып, тек кітаптарда ғана қалған. Соған қарамастан бүгінгі күні орындалып жүрген ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ойын-сауығымыз қолданыстан шеттеген жоқ. Керісінше барған сайын кез-келген мерекені қазақылыққа сай, барлық салт-дәстүрімізді ескере отырып жасау сұранысқа ие болып келеді. Бұл дәстүрлердің бізге жетіп, алдағы уақытта жас буынға түсіндіріп, қалай орындалатынын көрсету ұлттық болмысты сақтаудағы басты қағида деуге болады. Салт-дәстүрлердің түп нұсқасында орындалып, өз сәні мен көркіне сай болғаны құба-құп болады. Бұған мысал ретінде TOiBiZNES.KZ ақпараттық көпфункцияналды порталында өз өнімін, қызметін, мереке өткізетін орындарын ұсынатын, ұйымдастырушылардың қорында кез-келген дәстүрлі мерекені өткізуге арналған жоспар бар және барлығы да талапқа сай. Тек өз қалауыңызды нақтылап алсаңыз болғаны.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.