Құдалық

Құдалық

Құдалық дегеніміз  екі отбасының туыстық қатынасқа апаратын маңызды қадам, ал жалпы қазақ халқы үшін бұл маңызды дәстүр болып есептеледі.                

Бұрынғы заманда екі отбасының құдаласуы үкі тағу салтыннан басталатын. Үкі тағу- керек болса бесікте жатқан қызға да (егерде қызды атастырып қойса) тағылатын. Үкі тағылған қыз – қыздың басы бос емес екенің білдіреді.Үкі тағу үшін қыздың үйіне, жігіт жақтан 4-5 адам барады. Қызға үкі тағылғаннан кейін, екі жақ келісімге келіп, құдалықтың нақты уақыты анықталады.Бұрын қызға үкі тағылса, қазіргі кезде қызға сырға тағылады.Қыз айыттырылғаннан кейін, екі жақ үшін маңызды сәт – құдалық басталады. Құдалық жақсы өтсе, келешекте екі отбасының қарым қатынасы жақсы болады. Қыз жақтағы туыстарды, жігіт жақтағы туыстар жақсы күтіп алуға тырысады. Қыз жақтан құдалыққа 7 адам барады. Қазіргі кезде құдалыққа баратын адамдардың саны көбейіп кеткен. Бұрыңғы кезде құдалыққа көп адамның баруы әдепсіздік болып есептелетін. Құдалыққа жігіттің әке шешесі, апасы, атасы және де т.б жақын туыстары барады. Адам толмай жатса басқа да туыстары қосылады. Құдалықта ең беделді адамды – бас құда деп атайтын.Жігіттің әкесі бел құда болып есептеледі. Жігіт жағындағы  аға інілері, омыртқа құда деп аталады.Әйел адамдардың жасы үлкені құдағи болса, жасы кішілері құдаша болады. Қыз бен жігіттің інілері құда бала болады.

ҚұдалықЕкі жақ жиналғаннан кейін құдалықтың кәделері басталады. Кәде дегеніміз арнайы жасалатын дәстүрлердің жиынтығы  Бірінші кәде «Киіт кигізу». Киіт кигізу құдалардың бір біріне құрмет ретінде, киім және т.б қымбат бұйымдар сыйлауы. Киіт екі түрге бөлінеді:біріншісі бас киіт, екіншісі аяқ киіт. Бас киітке қымбат заттар кірсе, аяқ киітге арзанырақ заттар кіреді. Киіт ретінде шапан, кілем, төрт түлік мал беріледі. Екінші жасалатын кәде «Өлі-тірі». Өлі-тірі дегеніміз әруақтартардың ризашылығына сойылатын  мал. Екі жақтың туыстық қарым қатынасы ұзақ болуы үшін, өлілердің алдында және тірілердің алдында ант береміз деп мал сояды.Кейін сойылған малдың еті құдалардың арасында тарқатылады.  Құдалықта жасалатын ең маңызды кәделердің бірі- той малы. Жігіттің туыстары тойға шамасына қарай жылқы, қой, т.б мал мүлік алып келеді. Алып келген малға қарап әулеттің қаншалықты абыройлы екенің білінеді. Кейін алып келген мал сойылады да, кейіннен тарқатылады. Алып келген мал арық болса немесе аз болса, жігіт жақтағы әулеттің абыройы түсіп қалады. Сол себептен аянбай семіз әрі көп мал апаруға тырысады. Кейнгі жасалатын кәделердің бірі ол «Тойбастар».

Тойбастар дегеніміз салтанатты жиындарда айтылатын өлең. Тойбастар той біткенде айтылады.Өлең айтылып болғаннан кейін қонақтарға сыйлықтар таратылады. Осымен құдалық тойы аяқталады.

Қазіргі таңда дәстүрдің кейбіреу сақталмаған. Себебі заман өзгергеннен кейін адам да өзгереді. Әсіресе Қеңес Одағында көптеген дәстүрлер ұмыт болды. Мысалы оңтүстік өңірлерде «Қалың мал» деген термин бүгін де бар болса, орталықта бұл дәстүр «Құдалық кәделері» деген терминдермен ауысып кеткен. Қазіргі құдалықтың ең бірінші кәдесі- қызға сырға салу. Кеңес дәуірінде бұл дәстүр ұмыт болған.

Ал енді алу беру кәдесіне оралсақ,бұрынғы кезде киітті малмен берсе, қазіргі кезде ақшамен береді. Мысалы жылқыны алып келмей,жылқының құнындай ақша береді.Бұрын құдаларға қасқыр ішік кигізсе, қазір тон кигізеді. Дәстүріміз заманға сай осылай өзгеріп барады. Дәстүріміз заманға сай өзгеруі қорқынышты нәрсе емес, қорқыныштысы оның толығымен ұмытылып кетуі. Сол себепті дәстүрімізді келешек ұрпаққа дұрыс жеткізейік.
 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.