Атастыру

Атастыру

Қазақ халқы көне заманнан бері үйленуге, отбасы құруға үлкен мән берген. Себебі біздің халық үшін отбасы құндылықтары бас құндылықтардан қарағанда маңызыдрақ болатын. Сол себепті әр ата-ана өз балаларын, ертерек үйлендіруге тырысқан. Сол үшін қазақтар 12-13 жастарында үйленіп, отау құрып, отбасы болған. Әр әке-шеше баласын ерте үйлендіру үшін, алдын ала оған қыз іздейтін. Олардың алдын ала қыз іздеу әрекеттері кейіннен дәстүр, ғұрыптарға айналып кеткен. Ол дәстүрлер барлығымызға белгілі. Мысал ретінде «құдаласу», «айттыру» ғұрыптарын келтірсе болады. Сондай ғұрыптарға қазірге кезде ұмыт болған «атастыру» салтын қосса да болады.

Атастыру – қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі болып есептеледі. Қыз бен жігіттің ата-анасының балалары кішкентай болғанда, немесе бесікте жатқан кезден ақ, «балаларымыз өскенде отау құрсын» деп өзара уәделесіп қояды. Бір жағынан осы салтты келісім немесе уәделесу салты деп атауға болады, себебі адамдар өздері алдын ала келісімге отырып, уәделесіп алады. Атастыру сөздің тағы бір синонимдес мағынасы - байлау. Демек атастыру ол екі отбасыны, екі елді, екі руды байлау, жақындастыру деп айтсақ, қателеспейміз. Егерде қыздың әке-шешесі ұлдың әке шешесінің ниетін қабылдап, ұсыныстарымен келіссе, жігіт пен қыз атастырылған болып есептеледі. Сол үшін ұл баланың жақындары, қыз баланың отбасына алдын ала қалың мал төлеген. Атастырылған балалардың өскенде уйленуі міндетті шарт болып табылған. Кейбір адамдар «сізден ұл туып, біздең қыз туса, немесе керісінше сіден қыз туып, бізден ұл туса, бас қосып құда болайық» деп әлі туылмаған балаларын атастырып қоятын. Атастыру ғұрпында бірнеше маңызды ережелер бар, сол үшін әр қайсысына жеке тоқталып өтейік:

  1. Егерде атастырылып қойған жігітке атастырылған қыз ұнамай, ол басқа қызға үйленгісі келсе, онда жігіт жағы, қыз жағына мал түрінде айыппұл төлейді.
  2. Жігіт қыздың үйіне қалыңмалды төлеп болғаннан кейін бара алады.

3. Егерде қалын малды төлемей қыздың үйіне келсе, онда жігіттің қылығы әдепсіз болып есептеледі. Атпен келген жігіт, қайтқанда жаяу қайтады.

4. Жігіт қалындық төлеп болғаннан кейін, қыздың үйінде бірнеше апта, немесе бір ай көлемінде бола алады. Бірақ қыздың үйінде тұрмай, өзіне шатыр тігіп алуы тиіс. Сосын ол қызбен тойға дейін жақындаса алмайды.

Қазіргі кезде атастыру тек оңтүстік өңірлерінде сирек кездесіп жүреді. Басқа өңірлерде мүлдем кездеспейді. Себебі қазіргі кезде адамдар ерте үйленбеген соң, оларды атастырмайды. Бұрыңғы кезде ертерек үйлену үшін атастыратын. Қазіргі кезде атастырылған екі бала 11 жыл мектеп, 4 жылғы университетті бітіргенше жастары 22-23 келеді. Олар жиырма жылдың ішінде бірін бірі күтпейтін  Ал кейбір қазақтар бұл дәстүр жайлы хабардар.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі