Ашамайға мінгізу

Ашамайға мінгізу

Бұрынғы замандағы қазақтар жылқысыз өмір сүре алмаған. Себебі біздің ата-бабаларымыз көшпенді халық болған. Ал үлкен қашықтыққа көшу үшін жылқыдан басқа жылжымалы құрал болмаған. Қазақ халқы жылқыны жылжымалы құрал ретінде ғана қолданбаған. Оның сүтін ішкен, етін жеген және онымен жерін қорғаған. Сол себептен жылқы біз үшін ең пайдалы мүлік болған. Қазақ ат құлағында ойнап, аттың жалында туған ұлт деп бекер айтпаған. Сол үшін бұрынғы кезде біздің ата-бабаларымыз балаларын кішкентай кездерінен бастап, атқа мінуді үйрете бастаған. Әрине жас бала жылқыға бірден мініп кете бермейтін. Осы іс үшін қазақи дәстүрде, арнайы дәстүрлі әдеттерді пайдаланатын. Соның бастысы ашамайға мінгізу ғұрпы болған. Бала үшін арнайы ашамай істелетін. Ашамай деген кішкентай балаға арналған тоқым болмақ. Оны арнайы ағаш шеберлері тапсырыс бойынша істеп беретін. Баланы ашамайға мінгізу үшін өте жуас жылқыны таңдайды. Көбінде жуас жылқы ретінде тайларды таңдайтын. Сол себеті баланы тайларға мінгізетін дәстүр кең тараған. Ашамайға мінгізу салтанатты дәстүр болып есептеледі. Осы рәсімге бүкіл ауыл жиналған. Ауқатты дәулетті адамдар мал сойып, той жасап, ауыл адамдарын шақыратын. Содан кейін бәйге ұйымдастыратын. Үлкен кісілер балаға бата беретін, тілек айтатын. Әйел кісілер оған шашу шашатын. Баланың туыстары атқа мінгенің құтты болсын деп неше түрлі сыйлықтар беретін. Баланы жылқыға мінгізен жігіт аттың тізгінін ұстап, көрші ауылды аралайды. Сол ауылдың адамдары да оған  шашу шашып, балаға үкі тағып, сыйлықтар береді. Бала шаршағанға дейін үйлерді аралай береді. Шаршаған кезде сыйлыққа толы болған бала, өз ауылына оралады. Ашамайға баланы мінгізіп, аттың басын жетектеген жігітке, бата берген ақсақалға әке-шешесі сыйлық береді

Бұрыңғы заманда еркек адамдар, өмірлерінің басым бөлігін аттың үстінде өткізетін. Сол себептен, баланы ашамайға міңгізудің мәні зор. Себебі бұл дәстүр жас балаларды атқа мініп, нағыз еркек, ересек болуға үйрететін. Ал бұрынғы заманда атқа міне алмаған бала, болашақта еркек деген атқа лайық болмайтын. Сол үшін барлық ата – анаға, осы ғұрыпты істеу міндет болатын. Кейін адамдар бір бірлерінен сенің балан ашамайға мінді ме деп сұрайтан. Егерде міңді деген жауапты естісе, жарадыңдар деген жауапты еститін. Егерде мінбеді деген жауап болса, онда мазақтан басқа ештеңе естімейтін. Қазіргі кезде бұл дәстүрді істесе де, ауылды жерлерде істейді. Ал қалалы жерлерде бұл дәстүр мүлдем ұмытылған. Өйткені қазіргі кезде, технологияның дамуы себептерінен, адамдар атпен емес, қазіргі заманға сай көліктермен жүреді.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.