Ана Сүті

Ана Сүті

Ата-ананың басты арманы  «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру». Қазақ халқының ең басты дәстүрі ұлына келін түсіріп, қызын ұзату. «Қыз ұзату» тойы отбасы мүшелері үшін ерекше бақытқа толы сәт. Себебі кез-келген ата-ана аялап өсірген қызын жарым деп таңдаған жігітке және отбасына аманат еткісі келеді. Сондықтан да бұл күнге ерекше дайындық жасайды. Айтулы күннің жоғарғы деңгейде өтуіне айрықша  мән береді.  Сол себептен де той қонақтарының назарда болып, ерекше көңіл күйде болуын қамтамасыз ету үшін асабаның көмегіне жүгінеді.         

Жалпы қазақ халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай. Әрбіреуінің тарихы да тереңде жатыр. Солардың бірі «ана сүті». «Қыз ұзату» салты кезінде құдалар тарапынан әкелінетін ең басты, жолы бөлек кәде сыйды «ана сүті» дейді. Оны «сүт ақы» деп те атайды.  Яғни, келген құдалар қыздың анасына «ана сүті» ақысын төлейді. «Ана алдында асқар тау да аласа» демекші әлдилеп ақ сүтін беріп өсіргені үшін қыздың анасына кәде беріп батасын алады. Бұрынғы заманда ол бір түйе немес ат болған. Дегенмен Қазақстанның әр аймағы бұл дәстүрді өзінше өткізеді. Еліміздің  солтүстік бөлігінде «ана сүтін» «қалың малдың» орынына берсе, оңтүстік бөлігі тек «қалың мал береді», оған қоса «қалың мал» мен «ана сүті» ақысын қосып ақшалай беретіндер де бар. Сонымен қатар «ана сүті» ақысына бағалы бұйым да ұсынады.  

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі.