Неке сақиналарын таңдау

Неке сақиналарын таңдау

Неке сақиналары заңды түрде отбасы құрғандығынан хабар беретін жұбайлардың бұйымы. Үйлену тойына қызу дайындық басталғанда неке сақиналарын таңдап сатып алу басты міндеттердің бірі. Себебі той күні неке сарайында жастар міндетті түрде бір-бірінің саусақтарына  неке сақиналарын салады. Оны алу, таңдауда арнайы уақытты, талғамды және мұқияттылықты қажет етеді.  Мысалы бұрындары ол қарапайым алтыннан жасалған сақина болса, бүгінде неке сақиналарының түрі де, таңдауы да мол. Сондықтан, ойыңыздағы жүзіктерді таңдауда той дайындығынан  арнайы уақыт бөлгендеріңіз дұрыс. Осы тақырыпта сіздердің назарларыңызға ұсынатын бінеше кеңестеріміз бар. Өз таңдауыңызды жасамас бұрын есіңізде сақтарсыз.

Сонымен ең алдымен мына жайттарды анықтап алыңыз. Өзіңіздің ойыңыздан шығатын жүзікті қиналмастан таңдау үшін оның қандай металлдан, қандай қалыңдықта және жіңішкелікте болғанын қалайсыз? Қандайда бір дизайн немесе тастармен көмкерілген болуы керек пе? Осы сәттерді анықтап алыңыз. Егер сіздер, ешқандай жаңалық енгізбей классикалық алтын неке сақиналарын таңдауға шешім қабылдасаңыздар. Оны саусағыңызда қалай тұратынына байланысты пішінін таңдаңыз. Егер саусақтарыңыз жіңішке әрі ұзын болса сіздің қолыңызда неғұрлым жіңішке жүзіктер нәзік көрінеді. Қандай жағдайда да тойға арналған неке жүзіктерінің барлық үлгісін саусақтарыңызға киіп көріп байқағаныңыз жөн. Ең жақсы таңдау сізге ұнаған жүзік болады. Егер неке сақиналарының арнайы дизайнмен жасалған немесе тасы болғанын қаласаңыз мына жайттарды ескеріңіз. Ең бастысы бұл жүзіктерді той күнінен кейін күнделікті өмірде тағып жүретін боласыздар. Сондықтан, оның қолыңызға барынша ыңғайлы болуына мән беріңіз. Егер неке сақинасының тым үлкен тасы болса ол үй жұмыстарын жасағанда немесе күнделікті істейтін жұмыстарыңыз үшін кедергісін келтіруі мүмкін. Киіміңізге, шашыңызға ілініп қалу сияқты тұстарын ескеріңіз. Неке жүзігінде тас болғанын қаласаңыз оның түсіне, көлеміне орналастырылуына үлкен мән беріңіз. Сақиналар біріңізге ұнап біріңізге ұнамай жататын сәттер де кездеседі. Талғамның әртүрлі болуы таңдауды қиындатады. Бірақ қалауыңыздан мүлдем бас тарту керек деген сөз емес. Мұндай жағдайда қалыңдық өзі қалаған дизайындағы сақинаны таңдаса, күйеу жігіт үшін сол сақинаға сәйкес келетін басқа дизайндағы неке сақинасын таңдауға болады.

Жүзіктердің сапасына да мән беріңіз. Ерекше дизайынды жүзіктерді арзан бағада да алуға болады. Дегенмен, қымбаттығы зергерлік бұйымның қымбат металдан және бірегей дизайнда жасалғанадығынан хабар береді. Жүзіктің түсінің өзгеріп немесе майсып қалуы сияқты келеңсіздіктер орын алмайды. Сақинаның қолыңызда барынша ыңғайлы болуына мән беріңіз. Күнделікті тағатын бұйым болғандықтан тым тар немесе кең болуына жол бермеңіз.

Неке жүзігін алу қиындық тудырмайды. Себебі бүгінде сақинаның сан алуан түрін ұсынатын зергерлік дүкендер жетіп артылады. Дегенмен, той сақинасын арнайы тапсырыспен де жасата аласыз. Бұл ешкімде қайталанбайтын, сапалы бірегей бұйым болады. Арнайы дизайынды зергермен келісе отырып, сізге және болашақ жарыңыздың көңілінен шығатын сақинаны жасатып алсаңыз болады. Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар түрлі пішінде, түрлі үлгіде болады. Тіпті ақ алтын болсын, сары, қызыл, күмістен басқа да металлдардан болуы мүмкін. Тек таңдауда ортақ шешімге келсеңіздер болағыны.

Жалпы той дайындығынан орын алған сақина таңдау шарасы  түрлі қызықтарға толы. Қысылмастан барлық сақинаны саусағыңызға тағып көрсеңіз ғана, алдағы өміріңізде қолыңыздан тастамайтын неке сақинасын таба аласыз. Маңызды таңдауда сізге сәттілік тілейміз!

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі