Тақырыптық той

Тақырыптық той

«Тақырыптық той» атауының өзі естігенге бірден қызығушылық тудырады. Ендеше бұл атаудың өзін анықтап өтейік. «Тақырыптық той» - той мерекесінің алдын ала кейіпкерлердің ұйымдастыруымен, қандайда бір стильде бастан аяқ өтуі. Сонымен қатар, таңдалған тақырыптың әрбір детальда қолданылуы. Мысалы, шақырту қағаздарында, кейіпкерлер киімі, мейрамхана безендірілуі, фотоға арналған баннер және интерьер, ойындар және т.б. Елімізде өтетін тойлардың басым бөлігі классикалық үлгіде өтетіндіктен, біз үшін бұл жаңашылдық деп те айта аламыз. Жайылған дастархан, асабаның бір қалыпты ойындары мен конкурстары, классикалық үлгіде ақ көйлек, қара костюм киген той кейіпкерлері және тілектер. Бұл әрбір тойдың ажырамас бөлігіндей болып қалыптасып қалған. Дегенмен, бұл міндетті деп айтуға болмас. Себебі, арнайы бір тақырыпта ұйымдастырылған той басқасынан ерекше екенін бірден көрсетеді.

Ендеше, алдымен тойыңызды қандай тақырыпта ұйымдастырығыңыз келетінін анықтап алыңыз. Ал тақырыпты қалай таңдау керек? Тойға арналған тақырыптар сіздің қиялыңызға қарай сан алуан болуы мүмкін. Көптен бері ойыңызда жүрген идеяларды жүзеге асыруға таптырмас мүмкіндік. Тақырып ретінде сүйіктіңізбен алғаш көрген фильмді, ондағы кейіпкерлерді таңдай аласыз. Ол ескілік заманның немесе бүгінгі күннің киносы болуы мүмкін. Бұдан басқа, қазақ хандығы стилінде, күйеу жігіт шапан бөрік киіп, қалыңдық сәукеле, шашбау тағып, батырлар мен шаңырақ, ою-орнектерді безендіруге қолданып, той салтанатын өткізуге болады. Дәл сондай, үнді стиліндегі, винтажды немесе Гэтсби стиліндегі тойлар бүкіл әлемде танымалдылыққа ие.

Өткен ғасырдың 20-жылдарындағы Америкалық Гэтсби, үйлену үшін ерекше әрі голливудтық кино картина шыққаннан кейін ерекше танымалдылыққа ие болған тақырыптық той стильдерінің бірі болып табылады. Бүгінде бұл кино қаншалықты ескі болғанымен де танымалдылығын жоғалтқан емес. Смокинг және шляпадағы күйеу жігіт, нәзік қарапайым әрі жылтырақ тастар мен қауырсындар арқылы безендірілген қалыңдық көйлегі және гүл шоғы той ерекшелігін бірден көрсетеді. Әрі интерьер безендірілуінде де дәл сол ғасырдың декорлық дизайны қолданылады.

Винтаж стиліндегі үйлену тойы. Бұл да ерекше стильдердің бірі және жиі таңдалатын тақырып. Мұндағы басты ерекшелік қонақтардың ерте заманға сапар шеккендей ерекше көңіл-күйге бөленуі. Винтажды той үшін барынша ескілік заттар қолданылады. Той кейіпкерлері де сол заманға енгендей той киімдерін арнайы таңдап алады. Ал безендірілуі үшін ескілік жиһаздар, заттар қоланылады. Ең бастысы тойға тән нәзіктікті сақтап қалу.

Тақырыптық тойды ұйымдастыру кез келген агенттіктің мүмкіндіктеріне кіреді. Тойға арнап таңдалған бағыт өзіңіздің көңіліңізден шықса болғаны. Тақырыптық той дайындығына кіріскенде, таңдалған киноның, ғасырдың немесе стильдің барлық ерекшеліктерін ұмыт қалдырмауға, ескеруге тырысыңыз. Әрбір, той бөлімі қандай стильде өтіп жатқанын көрсетіп тұруы керек. Бұл арқылы сіз тойдың таңғаларлық тұстарын көбейте түсесіз. Тойдың арнайы бір тақырыпта өтуі қонақтардыңда сол стильді ұстануын талап ете алды. Ол үшін сіз арнайы дресс-код қоя аласыз. Мысалы, той гэтсби стилінде ұйымдастырылған болса, қонақтар да сол тақырыпқа сай болуы керек. Ерлер қауымы смокинг және шляпа кисе қыздар қауымы өткен ғасыр ханымдарының кейпіне енеді.

Той сіздің өміріңізде бір рет қана орын алатын ерекше оқиға. Оны ойдағыдай өткізуге күш салу қалыпты жағдай. Сондықтан, оны ерекше стильде атап өту керек. Тақырыптық той түрі өте көп. Тек армандарыңызды және қиялыңыздағы той салтанатын жүзеге асыруға тырыссаңыз болғаны. Таңдау өзіңізде!

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі