Үйлену тойына арналған торт

Үйлену тойына арналған торт

Торт – тек тойдың ғана емес, кез келген мерекенің сәнін кіргізеді. Үлкеніміз болсын, кішіміз болсын: «торт қашан келеді екен» - деген оймен отыратынымыз да жасырын емес. Түрлі тағамдарға толы бай дастарханда отырсақта, кеш соңына таяу келетін тәтті әрі әдемі безендірілген торттан ауыз тиіп қалғымыз келеді. Көрер көзге әсерлі, дәмі тіл үйіретін торттан ешқайсымыз да бас тартпайтынымыз анық. Ал сол тортты қалай таңдау керек? Егер ол туған күн, мерейтой емес дүбірлі үйлену тойы болса ше? Әрине, торт таңдауда оңай жұмыс емес. Ескеретін артықшылықтары, кемшіліктері тағы бар. Көрер көзге әдемі болғанымен торт таңдауға салғырт қарауға болмайды. Торт таңдауда безендірілуіне, құрамына (крем, мастик, т.б), қалыпты салмағына және тапсырысты дайындау уақытына мән беру керек.

Көптеген отбасылар үйлену тойына торттың классикалық түрін таңдайды. Ол негізінен ақ түстен тұратын гүлдер мен ленталардан безендірілген қалыңдық және күйеу жігіт бейнесі қойылған торт түрі. Дегенмен, ерекшелікті қалайтын және тойдың ұйымдастырылу стиліне қарай тортқа тапсырыс жасайтындар да аз емес. Міне осындайда торттың қоспаларын дұрыс таңдау, түсіне мән беру керек. Торт тек сырттай әдемі ғана көрінбей, дәмі жөніненде тамсандыру қажет.

Торт таңдаудың басты ережесі - оның дәмі. Сіз, тойда болатын торттың неден жасалатынын және дәмі жөнінен қандай екенін білуіңіз керек. Сондықтан той дайындығына кіріскенде міндетті түрде тізіміңізде тұрған өзіңізге ұнайтын бірнеше кондитерлік фирмаларды аралап көріңіз. Және жалғыз бармауға тырысыңыз. Себебі, тойда жүздеген адам болады. Олардың пікірі де әртүрлі. Егер жаныңыза құрбыңыз немесе туықаныңыз болса оның да пікірін біліп, бәріне  ұнайтын ортақ шешім жасауға болады. Ескерту! Торт дәмін татқаннан кейін көбісі, өзінің ойындағы ұнайтын бір қоспасын қосқысы келеді, және солай тапсырыс береді. Бірақ бұл үлкен қателік болуы мүмкін. Себебі, ойлау бөлек, ал шын мәнісінде қоспалар араластырылғаннан кейін бөлек дәм береді. Бұл тіпті өте ыңғайсыз жағдайды тудыруы мүмкін. Сондықтан егер қосымша қоспа қосуды сұрасаңыз міндетті түрде тағы бір рет дайындатып дәмін көру керек.

Келесі, торттың салмағы және құрамы. Егер, тойға арнап бірнеше сатылым торт алатын болсаңыз оның орналасуына мән беру керек. Мысалы, астыңғы бөліктерін бос әрі өте жұмсақ қоспалардан жасайтын болса ол үстіңгі сатыларын көтере алмай тойға дейін құлап немесе езіліп кетеді. Сондықтан неғұрлым тығыз етіп жасау керек. Ал сыртқы безендірілуін өз қалауыңыз бойынша таңдасаңыз болады. Тағы бір ескеретін жайт безендірудің мезгілдік  түрлері. Мысалы, той жаз айларында өтетін болса жаңа піскен жемістерден кремін, безендіруін жасауға болады. Бұл әрі әдемі қанық түсті, әрі табиғи дәм болады. Осы және басқа да кеңестерге жүгінетін болсаңыз тойдағы торттың өз көңіліңізден және қонақтарға да ұнайтынына сенімдіміз.

Торт таңдау барысында міндетті түрде бірнеше кондитерлік фирмаларды аралап көріңіз. Тортты жасайтын кондитермен жеке кеңесіп, барлық жайттарды елеусіз қалдырмай талқылап алыңыз. ТOi BiZNES.kz сайты арқылы сіз кәсіби кондитер шеберлерін таба аласыз. Олардың жасаған жұмыстарын көріп, бағалап, жеке хабарласуға да мүмкіндік бар. Кондитердің түрлі мерекелер үшін жасаған торттарын көріп, ол жайында тұтынушылар қалдырған пікірлерін оқи аласыз. Бұл да дұрыс таңдау жасау үшін өз әсерін тигізетіні анық. Кәсіби шебердің қолынан шыққан тортты  алуға тырысыңыз. Себебі, сыйлық ретінде тойхана/мейрамхана тарапынан берілетін торттар да бар. Бірақ бұл жағдайда сіздің торттың дәмін татып көруге де, сыртқы көрінісі жөнінде тапсырыс беруге де мүмкіндігіңіз жоқ. Яғни, той күні сізге қандай қоспамен, қалай безендірілген торт әкелетінінен мүлдем хабарсыз боласыз. Сондықтан, сенімді, тексерілген кондитер кеңесі мен қызметіне жүгініңіз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі