Үйлену тойын шет елде өткізу

Үйлену тойын шет елде өткізу

Үйлену тойын барлығы қызығарлықтай, әрі әдемі қылып өткізу кез келген жас жұбайдың арманы. Ол үшін түрлі тың идеяларды ойластырып, барынша ерекше етіп өткізуді жоспарлайды. Солардың ішінде жиі кездесетіні және жастардың ерекше қалауына ие болғаны үйлену тойын шет елде ұйымдастыру. Сәні мен көркі келіскен, тек фотодан көріп арманда қалып жүрген орында үйлену тойын ұйымдастыру сіздердің көңілдеріңізге тек жақсы әсерлер қалдыратыны анық. Бұл той тек жастар үшін ғана емес онда болатын жақындарыңызбен ең жақын достарыңыз үшін де тың оқиға болады. Сіз тойдан кейін күнделікті күйбең тірліктің қамына кірмей белгілі бір уақытқа ертегі әлемінде болуға таптырмас мүмкіндік. Ендеше дәл осы тойды ұйымдастыру үшін дайындықты неден бастау керек? Жоспар құрғанде нені ескеру керек? Біз сізге бастапқы кеңестерді береміз.

Ең алдымен жоспардан бастаңыз. Жоспары құрылған кез келген мереке жоғары деңгейде өтетіні белгелі. Ал сол жоспардың ең бірінші бөлімін құжаттарға арнаңыз. Некені ресми тіркеу шет елде орындалатындықтан сол елде қандай  құжаттар талап етілетіндігі туралы ақпарат алыңыз. Виза мәселесін, шет ел құжатын дайындауға да мән беріңіз. Ал біз қазақстандықтар үшін үйлену тойын өткізуге болатын бес шет елді атаймыз.

Доминикана. Кариб теңіздерінде үйлену тойын өткізу.  Бұл табиғат көріністері тамсандыратын және танымал орындары көптеп кезесетін жарқын және жылы аймақтың бірі. Теңіз жағалауларында естен кетпес некелесу рәсімін өткізіп, той қуанышын екі еселеуге мүмкіндігіңіз бар. Тағы бір артықшылығы Доминикана республикасы қазақстандықтарды 30 күн мөлшерінде визасыз қабылдайды. Сіз осы елдегі мерекені  ұйымдастырушылардан той өткізудің бірнеше түрін таңдауға мүмкіндігіңіз бар.

Тайланд. Той өткізу үшін тағы бір ыңғайлы елдердің бірі. Табиғаты талай туристерді таңқалдырып, тамсандырып үлгерген бұл елде үйлену тойын өткізу толастамас әсердің ошағы.  Түрлі түстерге толы табиғаты мен теңізінен үйлену тойын өткізуге ең әдемі жерлерді табасыз. Жабайы аралдарда, Паттайя немесе ғашықтар үшін романтикаға толы Самуиде той өткізе аласыз. Бірақ бұл қымбатқа түсуі мүмкін. Тайландқа Қазақстан үшін 15 күндік визасыз жүйе енгізілген. Ерекше әсерлер үшін бұл жеткілікті уақыт болуы керек.

Маврики аралы. Үнді теңізі жағалауындағы ең әдемі аралдардың бірі. Түрлі рифтері аралға ерекше әсемдік беріп тұрған бұл арал үйлену тойын ұмытылмастай етіп өткізуге таптырмас орын. Жалпы арал табиғаты да романтикаға толы, жастарға арналғандай әсер береді.

Үндістан. Қазақстандықтар үшін тың идеяның нақ өзі. Үнді халықтарының үйлену тойына киетін көйлектері мен ұлттық киімдерінің өзі той үшін ерекше көңіл-күй туғызады. Бүкіл әлемнен келетін мұсылман туристер үшін үйлену тойын өткізудің меккесі атанған Гоада той өткізу кімге болсын ерекше арман. Үнді жерінің маржаны атанған Гоа- аппақ құмды теңізімен ерекшеленді. Дегенмен Үндістанда некелесу рәсімін өткізу үшін ең алдымен виза дайындауға кірісіңіз. Бұл 3-5 күніңізді қажет етеді.

БАӘ.  Біріккен араб әмірліктері жоғарыда айтып өткендей мұсылман халықтары үшін үйлену тойын өткізуге ең танымал әрі ерекше орындардың бірі. Бүкіл әлемді биік ғимараттары мен бесжұлдызды қонақ үйлерімен тамсандырып отырған бұл елде шетелдіктердің арнайы келіп  үйлену тойын өткізу таңсық емес болар. Солардың ішінде қазақстандықтар да жоқ емес. Сан мың жарық шамдар мен биші субұрқақтар аясында некелесу рәсімін өткізу кімнің болмасын арманының бірі. Әрі той фото түсірілімі де қалған өміріңізге жарқын естеліктер қалдырады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі