Жаңа жылдық үйлену тойы

Жаңа жылдық үйлену тойы

Жалпы үйлену тойы әрбір жастың өмірінде ұмытылмас естеліктер қалдыратын ерекше күн. Бұл күн қалыңдық, күйеу жігіт және олардың отбасы мүшелері үшін ғажап сәттердің бірі. Ал, осы күнді ғажайыпты екі еселеу үшін жаңа жылмен қатар тойлататындар қатары да бар. Жаңа жыл қарсаңында үйлену тойын ұйымдастыру жас жұбайларды да, қонақтарды да бақытты көңіл күйге бөлейді. Себебі, жаңа жыл өзімен бірге ертегі әлемінің көңіл-күйін ала келеді. Жаңа жылды қалай өткізсең, жыл бойына сондай бақыт пен баршылықта боласың дейді. Оның үстіне өз үйлену тойларын жаңа жылмен қатар өткізген отбасылар, тойларын қуанышпен еске алатындарын айтады.  Ендеше, 31 желтоқсан күні той өткізіп өзіңізді де өзгеге де бақыт сыйлау есте қалатын оқиға болатыны анық.

Жаңа жылдық үйлену тойының артықшылығы тек оның айтулы мерекемен қатар ұйымдастырылуымен ғана емес, сонымен қатар тиімділігінде. Жаңа жылдық дайындық, аппақ қарға оранған қала, жарық шамдар, көңіл-күйдің өзі тойға және той қонақтарына ерекше әсер береді. Оның үстіне қыс мезгілінде ұйымдастырылған той қаржылық жағынан жеңілдіктер ала келеді. Егер жаңа жылда той өткізуді жоспарласаңыз дайындықты ерте бастаған жөн. Әсіресе, өткізетін орынды ерте бастан қамтамасыз етіңіз. Мейрамхана жалдағанда ерте бастан тапсырыс жасап қойғаныңыз жөн.  Онда шақырылған қонақтар, безендіру қандай дизайнда және стильде болуы керек талқылап алыңыз. Безендіруді жаңажылдық және үйлену тойының көңіл-күйін беретіндей етіп ойластыра аласыз. Мысалға, аппақ қарды, шырша жылтырақтарын, шамдарды қарастыра аласыз. Дегенмен, жаңа жылда көптеген үйлену тойын ұйымдастырушыларынан, қызмет ұсынатын мердігерлерден жеңілдіктер ала аласыз. Оның ішінде, фото түсірілім, безендіру және т.б.  Қалыңдық гүлінің өзін жаңа жылға сай қылып жасауға болады. Гүл мамандары қыстың салқынына төзімді жаңа жылдық қалыңдық гүлін дайындауға болады. Ол үшін өз қалауыңызды айтып ақылдасып, кеңес алсаңыз болады. Жаңа жылдық көңіл-күйді беру үшін және ерекше болғанын қаласаңыз гүл шоғын шырша қылтандарынан арнайы жасата аласыз. Бұл жұмысты кәсіби гүл мамандарына еш күмәнсіз сеніп тапсыра аласыз.

Үйлену тойына арналған көйлек те ерекше болуы керек. Оның әдемілігімен қатар жылылығын да қамтамасыз етіңіз. Той көйлегі сыртынан киетін тонды да қарастырыңыз. Жаңажылдық тойдың тағы бір ерекшелігі фото түсірілімнің ешкімде қайталанбас ерекше үлгіде болатындығында. Үйлену тойы алдындағы фото түсірілімді қысқы орманда, таулы өңірде немесе қысқы бақтарда түсіре аласыз. Бұл үйлену тойынан естелік болып қалатын ең басты естелік. Сондықтан барынша көңілдегідей ғажап әрі ерекше өткізіңіз.

Жаңа жылдық үйлену тойы әрине жиі кездеспейтіні анық. Сондықтан, біраз қонақтар үшін қызықты болуы мүмкін. Бірақ, дегенмен үйлену тойын 31 желтоқсан күні атап өтудің жағымсыз тұстары да бар. Мысалы, қонақтардың бірі келгенімен кей бірі жыл сайынғы отбасылық дәстүрлерін бұзғысы келмеуі мүмкін. Тағы бір тұсы, жаңа жыл бүкіл халық жаппай тойлайтын мейрам болғандықтан бұл кезең мейрамның нағыз қызған шағы. Сондықтан, мерекелік қызметтердің құны көтеріліп кетуі де бар. Бірақ мұны жаңа жылдық үйлену тойын ұйымдастырудан бас тартуға болатын себеп деп қарастыруға болмайды. Себебі, жалпы үйлену тойына қатысты бірқатар қызметтер түріне жеңілдіктер болады. Мысалы қыс мезгілінде той аз болатындықтан қалыңдық көйлегіне, гүл шоғына айтарлықтай жеңілдіктер болады.

Үйлену тойын жаңа жылмен қатар өткізіуге шешім қабылдасаңыз, тойдың ерекше өтетініне сенімді болыңыз. Жаңа жылды мұндай ерекше қуанышпен бастау жас отбасыға және қонақтарға да жағымды. Бұл күн сіздер үшін ең бақытты күндеріңіз болсын!

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі