Ерлер мерейтойына арналған бағдарлама

Ерлер мерейтойына арналған бағдарлама

Әр адамның өмірінде асыға күтетін айтулы күндері болады. Ол үшін жыл сайын ерекше дайындалып, барынша көңілді өткізуге жоспар құрамыз. Солардың ішінде мерейтойды тойлауды ерекше атап өтсек болады. Себебі, қай қайсымызға болмасын мерейтой ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ендеше, елестетіңіз алдыда сүйкті жарыңыздың мерейтойы жақындап келеді. Дайындықты неден бастайсыз? Ерлер мерейтойын қалай ұйымдастыруға болады?

Мерейтой ер адамдікі болғанымен оған басты дайындықты жасайтын әрине, әйелі. Егер, мерейтойды үйде, шағын отбасылық ортада тойлауды жөн көрсеңіздер нәзік жандар жұмысы тіптен көбейеді. Үй тазалығы, дастархан жаю, әрбір қонаққа қызмет көрсету, мерейтой соңынан тағы тазалық, ыдыс жуу. Қанша дегенмен бұл әр үйде болатын мейрам қарбаласы. Мерейтойды өткізгенмен соңынан шаршаңқы күй басым болады. Ал бұның ең тиімді шешімі мерейтой өткізуге мейрамхана жалдау. Оның үстіне мерейтой жыл сайын келе бермейтіндіктен мейрамханада өткізу орынды болады.

Мерейтойды қонақтардың басын қосып ас беру деп түсінбеңіз. Сондықтан, мерейтой жақсы өту үшін ерекше бағдарлама дайындауға тырысыңыз. Осылайша, мерейтой дайындығын бастаңыз. Ең бастысы әрине, қонақтар санын анықтап, шақырту жасау. Шақырту қағазын мерейтойдың қаншалықты қызықты немесе ерекше өтетінін білдіретіндей тың идеяда жасатсаңыз болады. Бүгінде, шақырту қағаздарын түрлендіріп жасау еш қиындық тудырмайды. Әрі ол қонақтардың маңызды екендігін сезіндіреді.

Мерейтой дайындығының ең басты жұмысы мерейтойға банкет залын жалдау және мерейтой жүргізушісін таңдау. Қонақтар саны анықталғанан кейін сіз өзіңіздің талғамыңызға, көзқарасыңызға және қаржылық мүмкіндіктеріңізге сай салтанат залдарын айтулы күнге жалдай аласыз. Мейрамхананы жалдауға ерте қамданғаныңыз жөн болады. Келесі кезек мерейтой жүргізушісін таңдау. Көп жағдайда асаба таңдауға келгенде таныстарымызды іздеп, дос-жарандарымыздан сұрауды жөн көреміз. Дегенмен, мән беретін заттар бар. Міндетті түрде бірнеше асабаны үміткер ретінде қарастырыңыз. Мысалы: сіздің досыңыздың үйлену тойын жоғары деңгейде өткізіп берген асаба мерейтой жүргізуге келгенде осал болуы мүмкін. Бір асаба отбасылық отырыстарға бейімделсе, бірі той, мерейтойларға жақсы төселген болады. Сондықтан, кез келген мерекені жүргізіп жүрген өз ісінің шеберлерін таңдауға тырысыңыз. Қонақтарыңыздың орташа жас мөлшеріне де мән беріңіз. Себебі той иелері мен кейіпкерлерінің көбісі мереке соңында асабаның тым жас әрі әзілдерінің орынсыз болғандығына көңілдері толмай жатады.

Мерейтойды тек ас беріп тілек айтумен шектемеңіз. Мерейтой бағдарламасын құрғанда қонақтар үшінде, мерейтой иесі үшінде қызықты өтуін ойлаңыз. Егер таңдаған жүргізушіңіз мерейтой құрылымын жақсы білетін болса сіз үшін қызықты бағдарлама құру еш қиындық тудырмайды. Жалпы мерейтой барысында асаба ең алдымен жігітті дүниеге әкелген ата-анасына құрметтеп сөз береді. Бұдан кейін мерейтойдың негізгі бөлігі басталады. Қонақтар үшін ерекше ойын түрлерін бағдарламаға кірістіріңіз. Бұл ойындардың басты кейіпкері етіп мерейтой иесін қойсаңыз да болады. Әрбір ойын өз орнымен әрі, ерсі болмауын қадағалаңыз. Көңілді болсын деп күлкіге қалып қоймаңыз.

Мерейтой кезінде күйеуіңіздің ең әсерлі шақтарынан естелік ретінде қалған заттарынан аукцион ұйымдастыруыңызға да болады. Әрбір ойын тек оған қатысушылар үшін ғана емес, оны тамашалап отырған қонақтар үшін де ерекше әсерін беруі керек. Сондықтан ойындар мен конкурстар ұйымдастырғанда мерейтой иесімен ақылдасып шешкен дұрыс. Ұтыс үшін де ерекше бұйымдарды қарастырып, қатысушылар мен қонақтар қалауын тудыруға болады. Бұл қонақтардың белсенді болуына себепкер болады.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі