Жұмыс күндеріндегі той: артықшылықтары мен кемшіліктері

Жұмыс күндеріндегі той: артықшылықтары мен кемшіліктері

Тойды ұйымдастыруға келгенде алдымыздан шығатын ең басты таңдау – ол той күнін белгілеу. Той күнін таңдауда ең алдымен таңдаған тойхананың қызмет көрсете алатын бос күндері ескеріледі. Қонақтарға қолайлы болуын және отбасы мүмкіндіктерін ескереді. Той күнін таңдауға келгенде отбасында көп талқылау, ақылдасулар болады. Сөйтіп той күні ретінде ыңғайлы деп жаз айларының бірін оның ішінде аптаның жұма және сенбі күндерін таңдап қояды. Бұл дәстүр бойынша той өткізуге немесе жалпы мерекелік кештерді өткізуге ең қолайлы күндер болып саналады. Ал жұмыс күндеріне тойды жоспарлау өте сирек кездеседі. Бірақ, айта кету керек жұмыс күндері жоспарланған тойдың кемшіліктерімен қоса артықшылықтар да бар. Жұмыс күндері той өткізу үнемдеу жағынан өте тиімді. Оған қоса, жас жұбайлар той ұйымдастырудағы кедергілерден құтылып, той қаражатын айтарлықтай үнемдейді.

Жұмыс күндері той өткізудің артықшылықтарын айтатын болсақ. Жұмыс күндері той шараларының аз ұйымдастырылуына байланысты сіз тіпті жаздың той өткізу қызған шақтарында өзіңіздің қалаған уақытыңызды той күні ретінде белгілей аласыз. Бұл кездерде қалаған мейрамхана/тойханалардан бос уақыттарды қиналмай тауып оның үстіне 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдікке қол жеткізе аласыз. Мысалға, тойдың қызыған кезеңінде мейрамхана арендасының қалыпты бағасы 10000тг/адамға басталса, жұмыс күндері әр адамға 8000 теңгеден – 5000 теңгеге дейін жеңілдік ала аласыз.  Тек бұл жағынан емес некелесу рәсімі бойыншада АХАЖ бөлімінде кезегіңізді күту немесе орынның болмауына байланысты басқа күнге ауыстыру сияқты келеңсіздіктерге тап болмайсыз. Неке тіркеушісін шақыртқан күннің өзінде бос болмау немесе уақыттың тапшылығы сияқты мәселе орын алмайды. Сонымен қатар, уақыт тапшылығына байланысты немесе жарыңызбен әр қалада болуыңызға байланысты ешқайда бармай-ақ некеңізді тіркеуге онлайн өтініш бере аласыз. Егер берген өтінішіңіз барлық талаптарға сай болса сіздің өтінішіңізге 1 тәуліктің ішінде жауап келеді. Бұл қызметті Қазақстанның кез келген аймағында жүзеге асыруға болады. Осы арқылы сіз той ұйымдастырылуына уақытыңызды үнемді пайдалана аласыз.

 Басты артықшылығы сол, кез келген жүргізуші, фото және видео операторлар, әртістер мен бишілер, сонымен қатар той ұйымдастырушыларының өзі де жұмыс күндерінде болатын той үшін айтарлықтай жеңілдік жасайтынында. Оған қоса той кортежі үшін алынатын лимузин және басқа да қымбат көліктер арзанға түседі.

Жалпы айтқанда жұмыс күні ұйымдастырылған тойдың ұтатын жері мол. Жұмыс күндері той ұйымдастыратын жас жұбайлар көптеген кәсіби қызметтерге еш кедергісіз қол жеткізе алады. Масалы, қалыңдықтың өзі бет әрлеу, шаш үлгісі, тырнақ қызметі бойынша барынша кәсіби шеберлердің қызметіне жүгінуді қалайды. Ал көп қалыңдықтар уақыттың жоқтығына немесе алдын ала жазылмау себепті өздері қалаған шеберлерге емес  басқа шеберлерге жүгінуге тура келеді. Ал жұмыс күндері сұлулық салондарына  қалыңдық образын жасау тапсырысы жиі түсе бермейді. Сондықтан сіз үшін шеберлердің бос уақыты міндетті түрде табылады. Оған қоса, фотосессия үшін де қаланың көрікті жерлеріне серуен жасауда еш кедергі болмайды. Сіз суретке түсу үшін арнайы орынның босауын немесе халықтың тым көп болуына байланысты мәселелерден құтыласыз.

Жұмыс күндері той жасаудың артықшылықтарын айттық. Дегенмен кемшіліктері де жоқ емес. Жұмыс күндері той жасағанда қонақтардың келмей қалуы немесе келмейтінін хабарлауы мүмкін. Келгенде де қонақтардың тойдан ерте қайтуы жиілейді. Бірақ бұны айтарлықтай кедергі деуге болмас. Себебі, той күндері де (жұма, сенбі) қонақтардың келмеу себебі жиі кездесіп жатады. Ең бастысы өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз. Себебі, бұл күн - сіздің күніңіз.

 

Ақпаратты көшіру және қолдану toibiznes.kz активті гиперсілтемесін көрсеткенде рұқсат етіледі